8 (727) 291 22 22

info@exclusive.kz

Подписаться
Smart горизонт

Еуропаның құшағы қаншалық кең?

Осы айда Еуропа одағы бұл одақтың негізін қалаған (алғашқы атауы – Еуропа Экономикалық қауымдастығы) Рим келісімінің 60 жылдығын атап өтеді. Ауыз толтырып айтатын нәрсе көп. Ғасырлар бойғы соғыс пен төңкерістен, жаппай қырып-жоюдан соң Еуропа бейбіт әрі демократиялық аймаққа айналды. Еуропа одағы Кеңес блогында болған 11 елді өз қанатының астына алып, посткоммунистік транзитте оларға жол көрсетті. Және қазіргідей теңсіздік жайлаған заманда Еуроодаққа мүше елдерде әлемнің басқа аймақтарымен салыстырғанда табыс айырмашылығы мардымсыз қалыпта тұр.

Бірақ, мұның барлығы – бұрынғы жетістіктер. Бүгінде одақ терең дағдарыста, ал оның болашағы бұлыңғыр. Симптомдар барлық жерден байқалады: Брекзит, Грекия мен Испаниядағы жұмыссыздықтың аспандауы, Италияның қарызының өсуі және стагнация, популистік қозғалыстардың көбеюі, иммигранттарға және еуроға деген наразылық. Осының барлығы Еуропа институттарын түбірімен қайта құру қажеттігін аңғартады.

Еуропа комиссиясының президенті Жан-Клод Юнкердің Еуропаның болашағына қатысты жаңа құжаты әлі жүзеге аса қоймас. Юнкер бес түрлі жолды ұсынады: қазіргі тәртіпті қалдыру, тек ортақ нарыққа бағыт ұстау, кей елдердің басқа елдерден жылдам дамуына мүмкіндік беру, күн тәртібіндегі мәселелер ауқымын тарылта түсу, толыққанды интеграцияға жол салу.

Юнкерді қолдауға болады. Еуропадағы саясаткерлер ішкі айтыс-тартыс пен Брюссельдегі Еуроодақ институттарымен басы қатып, халықтың наразылығын тудырып жүргенде, ол – мойнын көрсеткен жалғыз адам. Дегенмен, оның есебі көңіл көншітпейді. Онда Еуроодақтың алдында тұрған және ол аттап өтуі тиіс басты мәселе ескерілмей қалған.

Еуропадағы демократиялар қалыпты жағдайға көшем десе, экономикалық және саяси интеграция өзара ұштаспай қалмайды. Не саяси интеграция экономикалық интеграцияны қуып жетуі керек, немесе экономикалық интеграцияны шектеу керек. Бұл мәселенің шешімі кейінге қалдырыла берсе, Еуроодақтың шаруасы ілгері баспайды.

Осы қиын шешімнің алдында тұрған мүше мемлекеттер экономикалық және саяси интеграция таразысының екі басында қала бермек. Демек, Еуропа бұларды жақындастыру үшін ілкемділігін арттырып, институционалдық өзгерістер жасауы керек.

Еуропа әу бастан «функционалдық», яғни экономикалық интеграцияның соңынан саяси интеграция болады деген идеяның негізінде құрылды. Юнкердің жаңа құжаты Еуропа Экономикалық қауымдастығының негізін қалаушы, Франция премьер-министрі Роберт Шуманның 1950 жылы айтқан «Еуропа тұтасымен бір мезетте не бір жоспар негізінде құрылмайды. Ол алдымен де-факто ынтымақтастық орнататын нақты жетістіктердің арқасында нығаймақ» деген сөзімен жақсы басталады. Алдымен экономикалық ынтымақтастықтың механизмдерін қалыптастырса, кейін бұл ортақ саяси институттардың құрылуына негіз болады.

Бұл тәсілдеме басында жақсы жұмыс істеді. Бұл экономикалық интеграцияның саяси интеграциядан бір қадам алға жүруіне жәрдемдесті. Десе де ол тым алыс кеткен жоқ. Бірақ, 1980-жылдардан соң Еуроодақ белгісіз бір тұңғиыққа түсіп кетті. Тек тауарлардың ғана емес, қызметтердің, адам мен капиталдың еркін айналымына кедергі келтіретін ұлттық саясаттар жайына қалып, ортақ нарық идеясы аясында Еуропаның экономикасын біріктіруге кірісті. Мүше мемлекеттердің біразының ішінде еуро атты ортақ валюта енгізу – осы идеяның заңды жалғасы еді. Бұл – Еуропаның масштабындағы гипер-жаһандану еді.

Жаңа күн тәртібі бірнеше фактордың тоғысуы нәтижесінде қалыптасты. Біраз экономистер мен технократтар «Еуропа үкіметтері тым интервенционист болып кетті, терең экономикалық интеграция мен ортақ валюта мемлекеттерді тәртіпке шақырады» деп санады. Осы тұрғыдан алғанда интеграциялық процестің экономикалық және саяси жақтарындағы теңсіздік қателік емес, жай ғана ерекшелік болды.

Алайда, саясаткерлердің көбі бұл теңсіздік проблема тудыруы мүмкін екенін түсінді. Олар функционализм ақыр соңында басымдыққа ие болып, біраз уақыттан соң бірыңғай нарықты қолдауға қажетті квази-федералдық саяси институттар дамиды деп сенді.

Еуропадағы негізгі державалар да өз рөлін ойнады. Француздар экономикалық билікті Брюссельдегі бюрократтардың қолына беру Францияның ұлттық әлеуеті мен ғаламдық беделін арттырады деп ойлады. Германияның қайта қосылуына Францияның рұқсатын алуды көздеген немістер де қолдай жөнелді.

Балама да болды. Экономикалық интеграциямен қатар Еуропа ортақ әлеуметтік модельді де дамыта алар еді. Бұл тек нарықтарды емес, әлеуметтік саясаттарды, еңбек нарығы институттарын және ақша-несие шарттарын интеграциялауды қажет етер еді. Еуропадағы әлеуметтік модельдердің әркелкілігі, ортақ ережелерге байланысты келісімге келудің қиындығы интеграцияның ауқымы мен жылдамдығына өзінен өзі тосқауыл қояр еді.

Кемшілік болудың орнына бұл интеграцияның жылдамдығы мен ауқымына қатысты ең оңтайлы шаманы анықтауға көмектесер еді. Оның нәтижесі шекара сызығының ішінде тығыз интеграцияланған шағын Еуроодақ, немесе бүгінгідей көп мүшелері болғанымен, экономикалық масштаб тұрғысынан амбициясы аздау одақ болар еді.

Бүгінде Еуроодақтың ақша-несие және саяси интеграциясын қолға алу тым кеш болар. Еуропалықтардың бестен бірі билікті мүше мемлекеттердің қолынан алуды қолдайды.

Оптимистер «бұл – Брюссель мен Страсбургке деген жеккөрушілік сезімі емес, ортақ нарыққа деген технократиялық қызығушылығы бар бірақ, көкейге қонымды балама моделі жоқ, «үлкен Еуропа» қауымдастығына наразылық» деуі мүмкін.

Ал пессимистер болса, «Берлин мен Париждегі билік дәліздерінің қараңғы түкпірлерінде экономистер мен заңгерлер құпия түрде В жоспарын жасап жатыр, экономикалық одақты бұдан әрі босаңсыту мүмкін болған күні сол жоспар жүзеге асады» деп ойлауы да ықтимал.

Dani Rodrik is Professor of International Political Economy at Harvard University’s John F. Kennedy School of Government. He is the author of The Globalization Paradox: Democracy and the Future of the World Economy and, most recently, Economics Rules: The Rights and Wrongs of the Dismal Science.

Copyright: Project Syndicate, 2017.
www.project-syndicate.org

Комментарии (0)

    Последние публикации

    Китайская недвижимость растет в цене

    Цены на объекты жилой недвижимости в городах Китая первого уровня, таких как Пекин, Шанхай, Гуанчжоу и Шэньчжэнь вернулись на прежний уровень. Сейчас здесь на один дом приходится в полтора раза больше покупателей, чем в самых дорогих городах мира: Нью-Йорке, Лондоне и Гонконге.

    История России: версия Путина

    Россия застряла в битве между официальной историей (историей государства) и контр-историей (историей гражданского общества и воспоминаниями людей). В год столетия Октябрьской революции конфликт переместится в центр общественной жизни.

    Сколько Европы сможет вытерпеть Европа?

    В марте Евросоюз отметил 60-ю годовщину соглашения о своём основании. После столетий войн, политических бурь и массовых убийств Европа стала мирной и демократической. Но всё это достижения прошлого. Сегодня ЕС погружён в глубокий экзистенциальный кризис, его будущее под очень большим вопросом.

    Азиаты, обороняйтесь, объединяйтесь!

    Более тридцати лет темпы экономического роста в Азии были выше, чем в любом другом регионе мира. Почему страны Азии не инвестируют свои сбережения в собственном регионе?

    Кто стоит за импичментом в Южной Корее?

    Импичмент президента Южной Кореи потряс и разделил страну. Южнокорейцы стоят на пороге очередного политического наведения порядка. Но, независимо от того, кто придет в Синий Дом в мае, их работой будет решать проблемы, к которым Пак Хын Хе была очень слабо подготовлена.

    Почему экономисты проглядели Арабскую весну

    Шестая годовщина Арабской весны практически незамеченной. Но есть еще много уроков, которые можно извлечь из этой революционной волны.

    Ещё одна странная французская катастрофа

    Во Франции не просто предвыборный кризис. Новое и странное отношение граждан к политике – это последняя стадии того, что противник нацизма Марк Блок в 1940 году называл «странным поражением» своей страны.

    Персона Дуспулова
    Мозговой штурм 2

    Проект «ТОПЖАРГАН»

    Репутация всегда будет являться базовым капиталом как для менеджера, так и компании. Поэтому портал «Exclusive» вновь формирует список компаний-номинантов для участников уникального репутационного проекта «ТОПЖАРГАН».

    Во время первой фазы исследования (февраль – март 2016 г.) путем экспертных опросов будет сформирован шорт-лист по итогам голосования. Во время второй фазы исследования (март 2016 г.) авторитетное жюри, состоящее из ведущих журналистов и блогеров страны ... определит наиболее уважаемые компании в своих отраслях в 2016 году.