«Қазақстан Ресейге әскери техника жіберіп жатыр»: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады - Exclusive
Поддержать

«Қазақстан Ресейге әскери техника жіберіп жатыр»: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрлігі Қазақстан Ресейге әскери техника жіберіп жатыр деген видеоға түсініктеме берді.

Әлеуметтік желілерде әскери техникалардың тасымалы туралы бейнежазба тарады. Бейнежазба авторы екі ел президенттерінің келісімі бойынша Қазақстаннан Ресейге әскери техника жіберілетінін айтады. Бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігі жоққа шығарды.

– Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылғы 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Жамбыл, Алматы облыстарында ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Өзара іс-қимыл-2022», «Іздеу-2022», «Эшелон-2022» оқу-жаттығулары өтіп жатыр.

Осыған байланысты елімізге Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді. Әскери техниканың қозғалысы теміржол, әуе көліктерімен және дөңгелекті техникамен жүзеге асырылады. Бұл тұрғыда азаматтарды әлеуметтік желілерде таралатын түрлі қауесеттерге ермеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз, – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Фото: Russian Defence Ministry




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.