Қазақстанда бір жыл ішінде ұн бағасы 40%-ға қымбаттады - Exclusive
Поддержать

Қазақстанда бір жыл ішінде ұн бағасы 40%-ға қымбаттады

Сарапшылар Қазақстанда бір жыл ішінде ұн бағасы 41%-ға қымбаттағанын айтты. 2022 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша ұн бағасы бір айда 4,3%-ға өсті. Бұл 2011 жылдан бергі ұн бағасының ең жоғары көрсеткіштерінің бірі ретінде тіркелді.

Energyprom.kz сарапшыларының дерегіне сәйкес, 2011 жылдан бастап ұн бағасының айлық өсіміндегі рекордтық көрсеткіш 2022 жылдың сәуір-мамыр айларында байқалған.

Ұн бағасының ең жоғары өсімі Павлодар облысында (12,8% — ға) тіркелді. Сондай-ақ бұл тізімде Жетісу (12,4% — ға) және Батыс Қазақстан (11,9% — ға) облыстары бар.

Ақмола, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында ұн бағасы айтарлықтай қымбаттамаған.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.