Қазақстандық әскерилердің Ресейге барғаны рас па? – министр жауабы - Exclusive
Поддержать

Қазақстандық әскерилердің Ресейге барғаны рас па? – министр жауабы

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстанның әскери күштері Ресей Федерациясының шекаралас аудандарына жіберілмейтінін ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Қазір көптеген анонимді Telegram-арналарда ҰҚШҰ құрамындағы қазақ әскерлері Ресей шекарасын қорғау үшін Воронеж облысына кірді деген ақпарат бар. Айтыңызшы, бұл рас па? – деп сұрады журналистер министрден.

Тілшілердің сұрағына жауап берген министр ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

– Мен Қазақстанның Қорғаныс министрі ретінде Қазақстан Республикасының Қарулы күштері біздің аумақта екенін хабарлаймын. Бітімгершілік миссиялардың кейбір мәселелерін шешу бойынша қандай да бір міндеттемелерді біз тек БҰҰ ұйымымен жүргіземіз. Бірақ ҰҚШҰ елдерінің аумағында біз ешқайда бармаймыз. Біз ешқайда шықпаймыз, – деп сендірді Руслан Жақсылықов.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.