Қазақстанның ҰҚШҰ-дан шығу туралы жоспары жоқ – Ресей елшісі - Exclusive
Поддержать

Қазақстанның ҰҚШҰ-дан шығу туралы жоспары жоқ – Ресей елшісі

Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Қазақстанның ҰҚШҰ құрамынан шығу туралы жоспары жоқ екенін айтты.

– Қазақстанның ҰҚШҰ-дан шығу туралы ешқандай жоспары жоқ. Мұның бәрі біздің дұшпандарымыз бен қаскүнемдердің алауыздық туғызу үшін жасаған арнайы әрекет, — деді елші SputnikLive-ке берген сұхбатында.

Бородавкин Қазақстанның ҰҚШҰ-ның барлық бағыттары бойынша белсенді екенін атап өтті.

Дипломаттың пікірінше, ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымына Иманғали Тасмағамбетовың тағайындалғаны кездейсоқтық емес.

Айта кетейік, 23 қараша күні Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы болып тағайындалды.

Бұл қызметті 2020 жылдың 1 қаңтарынан бері Беларусь елінің өкілі, генерал-лейтенант Станислав Васильевич Зась атқарып келген.

Фото: Sputnik

https://t.me/kzexclusive
https://t.me/kzexclusivehttps://t.me/kzexclusive




1 Комментарий

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

  1. Бәрі жаққа бірдей болатын саясаттан тайып солтүстік көршіміздің қойына кіріп бара жатырмыз. Әрине енді ҰҚШҰ-дан шығу туралы жоспарымыз болмайды.