«Қаза тапқандар бар»: Украина астанасында жойқын жарылыс болды - Exclusive
Поддержать

«Қаза тапқандар бар»: Украина астанасында жойқын жарылыс болды

Киев мэрі Виталий Кличко Украина астанасының орталығында, Шевченков ауданында жарылыс болғанын хабарлады. Жергілікті БАҚ әуе қорғанысының жұмысы туралы ақпарат таратып жатыр.

Киевте пойыздардың қозғалысы тоқтатылды. Барлық жерасты метро станциялары қазір бас сауғалайтын орын ретінде жұмыс істеп тұр.

Виталий Кличко қала тұрғындарына үндеу жасап, көшеге шықпауға ескертті.

– Елорданың барлық тұрғындары дабыл кезінде үйде болсын. Қала көшелеріне шұғыл қажеттілік болмаса, бүгін шықпағандарыңыз жөн, – деді ол.

Украина президенті Владимир Зеленский азаматтарға ешқандай жағдайда баспанасын тастап кетпеуді ескертті.

– Бүгін 229-шы күн. Олар бізді жер бетінен жойып жіберуге тырысады. Запорожьеде үйінде ұйықтап жатқан, Днепр мен Киевте жұмысқа бара жатқан адамдарды өлтірді. Бүкіл Украинада әуе дабылы басылмай тұр. Өкінішке орай, қаза тапқандар мен жаралылар бар. Баспаналарыңды қалдырып, шығып кетпеңіздер. Өзіңізді және туыстарыңызды қорғаңыз, – деп жазды Зеленский өзінің Telegram арнасында.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.