Қошанов дайындықсыз келген министрлерге ескерту жасады - Exclusive
Поддержать

Қошанов дайындықсыз келген министрлерге ескерту жасады

Мәжіліс төрағасы пленарлық отырысқа дайындықсыз келген министрлерге ескерту жасап, «сіздер палата отырысына келгенде мәселені жақсы білулеріңіз керек» деді.

– Мен кейбір министрлік өкілдеріне ескерту айтайын деп едім. Дайындалып келу керек.Мына отырыста қолдарыңызға жазып берген, қол астындағы адамдардың анықтамасын оқудын бұл жерде қажет емес. Осылардың барлығы жұмыс тобында, комитет отырысында талқыланды. Оны бес саусақтай біліп тұруларыңыз керек-қой. Мен үкімет өкіліне де осы ескертпені айтамын. Премьер-министрге жеткізіңіз! Егер министрлік өкілі дайын емес болса, онда басқа адамдар келсін. Келістік пе? – деді Ерлан Қошанов.

Депутаттар алдында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров сөз сөйлеп, мемлекет басшысының кейбір тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістермен таныстырды.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.