Қостанай: Қару-жарақ дүкеніндегі жарылыстың себебі анықталды - Exclusive
Поддержать

Қостанай: Қару-жарақ дүкеніндегі жарылыстың себебі анықталды

Бас прокуратура биылғы жылғы 3 қыркүйекте Қостанай қаласында болған «Оружейная палата» дүкеніндегі жарылыс және өрт фактісін тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр.

Өрт салдарынан 11 адам зардап шекті, оның 4-еуі қайтыс болды. Олардың барлығы дүкеннің жұмыскерлері еді. Жарылыстан көршілес  орналасқан коммерциялық нысандар мен тұрғын үйлер де зақымданды.

Тергеу анықтағандай, дүкеннің басшысы оқ-дәрі өткізуге рұқсаты болғандықтан, оқиға қарсаңында Қарағанды облысынан «Сокол» маркалы 40 килограмм оқ-дәріні кейіннен өлшеп орау және сату үшін сатып алған.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл оқ-дәрі Қостанай қаласына ауа температурасы 36 градус ыстық болған кезде қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін бұза отырып тасымалданған және жарылыс орын алған дүкеннің жертөле бөлмесіне сақтауға қойылған.

Сарапшылар жарылыстың себебі оқ-дәрінің тұтануы болды деген шешім шығарды. Бұл қирауға және өрттің тұтануына әкеп соққан. Қазір тергеу кінәлі адамдардың жауаптылық дәрежесін анықтап жатыр.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.