Қытай Тайвань маңында тағы да әскери жаттығулар өткізді - Exclusive
Поддержать

Қытай Тайвань маңында тағы да әскери жаттығулар өткізді

Қытай әскери күштері Тайваньға жақын жерде жаттығулар өткізді.

Reuters мәліметіне сәйкес, сенатор Эд Марки бастаған Бес американдық шенеунік Тайбэйге келген. Бұл Нэнси Пелосидің тамыз айының басындағы сапарынан кейін АҚШ-тың жоғары деңгейлі тобының екінші сапары.

– Оқу-жаттығу жиындары АҚШ пен Тайвань үшін саяси ойынды жалғастыруға мүмкіндік берді. Тайвань бұғазындағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа нұқсан келтірді, – делінген хабарламада.

Қытай Қорғаныс министрлігі АҚШ-тың сапары Қытайдың егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзады деп мәлімдеді.

Тайвань премьер-министрі Су Чжэньчан Қытайдың бұл реакциясы оларды тоқтатпайтынын айтты. Тайваньдағы жағдайдың шиеленісуі АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің тамыз айының басында аралға келуінен басталды.

Фото: RT




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.