Ұлыбритания министрі: Қазақстан – аймақтағы біздің негізгі сауда серіктесіміз - Exclusive
Поддержать

Ұлыбритания министрі: Қазақстан – аймақтағы біздің негізгі сауда серіктесіміз

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлиді қабылдап, кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тың серпін береді. Мен Сіздің жақында Сыртқы істер министрлігінде сөйлеген сөзіңізді тыңдадым. Онда Ұлыбританияның сыртқы саясаттағы ұзақ мерзімді ұстанымы қамтылды және шын мәнінде, өте маңызды мәселелер айтылды, – деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

– Біздің ынтымақтастығымыз, әсіресе, экономика және саяси салаларда өте табысты деп баға бергім келеді. Өзара байланыстарымыздың оң бағытын одан әрі ілгерілету үшін қосымша күш-жігер жұмсауымыз керек, – деді Президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Риши Сунаққа сәлемі мен ізгі тілегін жолдап, Ұлыбритания Үкіметінің басшысын елімізге өзіне ыңғайлы кез келген уақытта сапармен келуге шақырды.

Джеймс Клеверли Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға оң баға берді.

– Сіздің еліңіз – аймақтағы біздің негізгі сауда серіктесіміз. Экономикалық өсімге бағытталған жоспарды жүзеге асыру мақсатында бірлесіп жұмыс істеу үшін жақсы мүмкіндік бар екенін көріп отырмыз. Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан салық саласындағы реформалар бағдарламасы өзара тиімді экономикалық қатынастарды нығайтуға ықпал етеді деп ойлаймын, – деді Ұлыбритания министрі.

Фото: Ақорда




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.