Әбіш және Назарбаев белгісіз тұлғалар және айғақтарды президент резиденциясында жасыру - Exclusive
Поддержать

Әбіш және Назарбаев белгісіз тұлғалар және айғақтарды президент резиденциясында жасыру

Өткен жолы біз, мүмкіндігінше, «Назарбаевтың тұсында»  әзірленген мемлекеттік төңкеріс сценарийі туралы айтқан болатынбыз (сілтеме арқылы). Бүгін біз қаңтарда жүзеге аспаған «төңкерістің» «ақ дақтарын» ашуға тырысатын боламыз.

Генералдардың астыртын әрекеттері

Әңгімені ҰҚК-нің жоғарғы басшылығының «бас ұйымдастырушыларынан» бастасақ. Егер, сіз бұған жеке көзқараспен қарайтын болсаңыз, онда VIP тізіміне енген сотталушылардың осал еместігін, тіпті адам сенгісіз тұлғалардан құралғанын көре аласыз. Бұл дегеніңіз екі мәрте премьер-министр болған,  ҰҚК төрағасы қызметтерін атқарған тұлғалар, оның орынбасарлары, республикалық және өңірлік департаменттер мен бөлімдердің басшылары деген сөз. Жүргізілген тергеу 2016 жылы Түркияда немесе соңғы үш онжылдықта Африканың бірқатар елдерінде болған әрекеттер сияқты «генералдардың қастандығын» шынымен де  әшкерелегендей әсер қалдырады, алайда бізді кейде бұлыңғыр күмәнды ойлардың қинайтыны белгілі.

Әрине, ең әуелі Кәрім Мәсімовтің жеке басына қатысты сұрақтардың туындайтыны рас. Қазақстандағы ең беделді тұлғалардың бірі болғанына қарамастан, оның президенттік амбициясы болғанына көпшілік күмәнмен қарайды. Әрине, одан ықпалды біреу мұндай әрекеттерді талап етпесе ғана іске аспақ. Өйткені, Кәрім Қажымқанұлының негізгі функцияларының бірі билік транзитін қамтамасыз ету екені ешкімге құпия емес, оны тіпті биліктің өзі де жасырмайды (осындай мақсатпен ол 2019 жылдың көктемінде Вашингтонға ұшып келіп, Мемлекеттік хатшымен кездескен болатын-ды) және Тұңғыш Президенттің ауыр еңбегімен жиналған капиталдың сақталуын қамтамасыз ету болып табылғанын көпшілік жақсы біледі.

Бұған қоса, төрағаның Комитеттің өзінде онша танымал болмағаны белгілі, дегенмен осындай төрағалық қызметте отырған бес жыл ішінде ол өзіне адал генералдар мен полковниктердің шағын командасын жинай алды. Яғни, техникалық тұрғыдан алғанда, Мәсімовке жеке өзінің ойын үлгісін жүргізу қиындық туғызар еді, өйткені мұндай генерал-полковниктердің де ақымақ жандар емес екенін түсіну аса маңызды және кімнің бастамасы бойынша бұйрық берілгенін, яғни жоғарыдан немесе төрағаның жеке өзінен берілетінін олар жақсы білетінін біз жақсы білеміз.

Мәселенің тағы бір қыры, ол Комитет функциясы қандай болды деген заңды сұрақтың туындауы? Қаңтар оқиғасынан байқағанымыз, сондай-ақ қазіргі айыптауларға қарағанда, қазақ «чекистері» қандай да бір жолмен толыққанды қастандық әрекеттер жасай алмайды. Айта кетейік, сотқа жіберілген іс бойынша «Мәсімов пен Ко» тобының ішінде, тек Кәрім Қажымқанұлының өзі ғана мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталуда, ал өзгелері «ілеспе баптар» бойынша айыпталу үстінде, ондай баптардың ішінде «мән-жайды  ауырлататын және ұрыс жағдайында билікті асыра пайдалану» баптарын атауға болады.

Қауқары жоқ күш құрылымдары

Осылайша, жүргізілген тергеу күш құрылымдары ұйымдастырған, классикалық төңкеріс-бүлікті соқыр еткісі келеді немесе соқыр етіп тынды деп болжауға әбден болады. Шынында да, аталған оқиға бойынша қамауға алынғандардың арасында  біз азаматтық тұлғалар мен жоғары лауазымды шенеуніктерді – мәселен, кем дегенде бір әкімді көре алмадық. Негізінде, айыптаулар мен одан әрі соттау әрекеттерін осылай құру, атап айтқанда – «бас айыпталушының» жеке басына сүйене отырып, оны қастандық жасаушы етіп шығару, оған бағынышты ведомствоны осындай істерге бейімдеу, кейбір өзге де күш құрылымдарының қызметкерлеріне осындай айыптарды  таңу  өте қисынды әрекеттер ретінде көрінеді. Алайда, ең бастысы өзге де қатысушыларды жауапкершіліктен жалтарту болып отырғаны белгілі.

Олардың ішінде қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ерекше орын алады (айтпақшы, біз саналы түрде оны «экс» лауазымына қосып отырғанымыз жоқ, өйткені біз қарастырып жатқан оқиғалар мен тергеу кезінде ол және өзге де айыпталушылар қызмет атқарып отырған қызметкерлер болды), аталған тұлғалар әуелі жігерсіздік танытқандары үшін жұмыстан шеттетіліп, бір айдан кейін қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша қамауға алынды (452-ші бап, «билік органдарының әрекетсіздігі»). Алайда, бірнеше айдан кейін кенеттен генералға 451-бап бойынша айып тағылып жатқаны белгілі болды – бұл кейбір «комитет қызметкерлеріне» қазірдің өзінде тағылып отырған «билікті асыра пайдалану» бабы болып табылады.

Осы жерде әскерилер арасында Бектанов неліктен тергеу изоляторында жалғыз өзі ғана тоғытылды деген заңды сауалдың туындайтыны белгілі? Министр қызметінен босатылған «командирлік қасиеттерінің жоқтығы» тәрізді тағылған айып, кенеттен, шын мәнінде, осы қасиеттерден қалайша асып жығылды? Бұл жерде жақсы ойластырылған, бірақ жүзеге аспаған төңкеріс туралы бір оқиғаны еске түсірген жөн сияқты. Осыдан оншақты жыл бұрын олар «оңтүстіктегілердің» осындай әрекетке барғылары келіп, сол кездегі Қорғаныс министрі Жақсыбековтен қолдау сұрап барғаны белгілі, бірақ ол бұдан бас тартқан көрінеді. Батыр сияқты көрінгісі келген шығар. Қазір де Бектановты халыққа оқ атудан бас тартқан батырға айналдырмақ ниетте. Алайда бұл жерде тағы да күмән туындайды. Өйткені, Жоғарғы Бас қолбасшының халыққа ескертусіз оқ ату туралы бұйрықты қашан бергені белгісіз. Ал бұл дегеніңіз қарулы күштердің митингілер мен ішкі қақтығыстарды таратуға қатысуының құқықтық негіздемесін ескерусіз жүзеге асырылған деген сөз. Соңғы мәселе, егер бұрынғы президент осындай тапсырма берген болса, Бектанов халыққа оқ ату туралы бұйрықты орындар ма еді?

Бағыныштыларды оқиға орнынан алшақ әкету және (немесе) еш нәрсе жасамауға, яғни әрекетсіздік танытуға берілген бұйрық тәрізді ауыр зардаптарға әкеліп соқтырған және «жауынгерлік жағдайда» жүзеге асырылған бір «құқық бұзушылық» ескерусіз қалып отыр. Бұл барлық күш құрылымдарына қатысты жағдай. Негізінде, біз үлкен қалаларда полиция мен Ұлттық ұланның қала көшелерінен сап түзеп шығып кеткенін, әуежайға қойылған қарулы күзет жасағының кенет көзден таса болып жоғалып  кеткенін өз көзімізбен көрдік, үйлерінде отыруға бұйрық алған ҰҚК офицерлерінің ашу-ыза билеген үн қатуынан да хабардармыз.

Бір қарағанда, бұл қалада бей-берекетсіздік туғызу, дүкендерді тонауға, өртеп жіберуге және т.б. мүмкіндік беру мақсатында жасалған әрекет ретінде көрінеді. Бірақ бұл жерде өзге де түйткілді мәселелердің бар екені белгілі. Мәселен, ҰҚШҰ-ның «бітімгершілік күштерінің» елге енгізілуін ақтап шығу негіздемесі іспетті қабылданып отыр. Олардың миссиясы туралы бөлек және ұзақ айтуға болады, бірақ әзірге біз бұл миссияны басқа әрекеттермен қатар, тек «ескі» Қазақстан ғана емес, сондай-ақ «жаңа» Қазақстанға да қатысты өзге де айып тағу мақсатында жүзеге асырылуы мүмкін екенін айтып отырмыз. Сондай-ақ заңсыз бұйрық бергені үшін ғана емес, ондай бұйрықты орындау үшін де жауапкершіліктің бар екенін еске түсіру қажет, бұл қазірдің өзінде басқа да күш құрылымдарына,  соның ішінде қатардағы және кіші офицерлік құрамға да қатысты құбылыс.

 «Дала командирлері»

Ресми тергеу нәтижелері «қисынға» келер емес. Біріншіден, «дала командирлері» дегендердің жоқ болуында үлкен олқылық бар сияқты. Яғни, егер «Мәсімов пен Ко» тұлғасында «бас ұйымдастырушылар», сондай-ақ полковник-генералдардан басқа айыпталушылар, сонымен қатар «қозғаушы күш» деп атауға болатын көптеген адамдардың болғанын ескеретін болсақ (атышулы 20 мың лаңкестер мен оларға теңестірілген тонаушылар және ІІД-не шабуыл жасап, Алматыдағы «әуежайды басып алғандар»), онда олардың арасында делдалдардың да  болғаны белгілі.

Әзірге біз солардың арасынан тек Арман Жұмагелдиев пен онымен байланысы бар деген ҰҚК 5-ші басқармасының бастығы Руслан Ысқақовты ғана көріп отырмыз. Екіншісі біріншісінің тікелей жетекшісі болған деседі. Иә, «Дикий Арманның» қалың бұқараға белгілі бір ықпалы болғаны рас, алайда ол Алматыдағы барлық тәртіпсіздіктерді жалғыз өзі ұйымдастыра алар ма еді. Оның үстіне ол арандатушылыққа қарсы шығып, «Әбіләзовшылармен» аяусыз күресіп, наразылық шерулеріне  қатыспаған қарапайым азаматтарға қарсы шыға ала ма? Сондықтан тергеу қосымша «жаппай тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушыларын» бір жерге «жинап» отыр, әлі де болса солай істеп те жатыр.

Тергеу мұндай айыпты Жанболат Мамайға да жаппақ ниетте, оған Қосай Маханбаев пен Талдықорғандық Бауыржан Әлиасқаров есімді елге онша танымал емес тұлғалар тәрізді айып тағылып отыр. Елімізде өзге де қатысушылар мен ұйымдастырушыларға айып тағылды немесе үкім шығарылды. Бірақ мұның барлығы көңілге күдік ұялатады. Материалдардың құпиялылығына байланысты, айыпталушы шынымен де ұйымдастырушы ма, әлде азаптау кесірінен «процессуалдық келісім» негізінде жай ғана мойындады ма, оны нақты айта алмаймыз. Қаңтардағы бұлыңғыр тұманда көзге анық көрінетін «қызыл күртеше» киіп, сыбайластарымен рация арқылы сөйлесіп, көшелердің негізгі қиылыстарында баррикада ұйымдастырғандардың қаншасы жауапқа тартылды (мәселен, мұндай баррикада Рысқұлов-Момышұлы к. құрылған болатын-ды)?

Белгісіз тұлғалар

Демек, сот процестерінің көпшілігі «өте құпия» белгісімен өтіп жатқаны белгілі, сондықтан тергеудің қаңтар оқиғасы мен төңкерістің өзін қалай қабылдайтыны туралы түсінік жоқтың қасы. Алайда, Жанболат Мамайға қатысты сот отырысында жарияланған айыптау қорытындысынан, «белгісіз тұлғалардың» көп болғанын көруге әбден болады. Айтпақшы, отандық сот төрелігі тұрғысынан, әсіресе біреуді тәртіпсіздіктер ұйымдастырды немесе төтенше жағдайда заңсыз митинг ұйымдастырды деп айыптау қажет болса, өте ыңғайлы формула болып табылатындығы белгілі.

Естеріңізге сала кетсек, Ысқақов таяуда жасаған үндеуінде тергеудің Самат Әбішті жауапкершіліктен әдейі алшақтатып отырғанын, соңғы жылдары оны екінің бірі болашақ президент деп атайтынын – оның 40 жасқа толғанын күту керек екенін ашық айтқан-ды. Конституцияға сәйкес, ол президенттің міндетін атқара алмаса да, «демократиялық төңкеріс» болған жағдайда оның бет-бейнесі бүліктің түпкі мақсатына сәйкес келіп отырғаны ащы шындық. Алайда, көктемде оның «тергеу орбитасында» екені іс жүзінде ресми түрде айтылғанымен, біз оны күдіктілер қатарынан көре алмадық. Әлдебір тылсым күш Әбішті бұл орбитадан шығарып жібергені сонша, оны ешкім есіне де алар емес.

Сонымен қатар, кейбір мәліметтерге қарағанда «Қазақстан» қонақүйінде «Дикий Аманмен»  бірге «Қорғас ісі» бойынша негізгі куәгер, қаңтар оқиғасы бойынша күдікті,  «Агент Саныч» деген атпен белгілі Талға Махатов деген азамат та болған. Біздің ақпаратымыз бойынша Жұмагелдиевтің  қаңтарда ұсталуына себеп болған, сондай-ақ тапаншаны қонақүйге Махатовтың әкелуі болуы мүмкін. Махатовтың Болат Назарбаевпен тығыз (өте тығыз) байланысты екенін баса айтамыз. Еске салайық, 4 қаңтар күні түс ауа Алматыдағы «шеру» «Алтын Орда» базарында туындап, бейбіт шеруге шыққан жастарға ұқсамайтын жастардың басым бөлігі мегаполиске дәл осы тұңғыш президенттің інісі тұратын жерден келгені белгілі.

Сондай-ақ, Назарбаевтың айналасындағылардан басқа да адамдардың  болған оқиғаға (немесе ешқашан болмаған) тікелей қатысы бар деген нұсқалар да жетіп жығылады. Мәжіліс спикері Нығматулин де президенттің м.а. болуы әбден мүмкін еді (егер Сенат төрағасы Әшімбаев бас тартса) және Премьер-министр Мамин де, мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева да және т.б… мұндай лауазым иесі бола алар еді. Осы және басқа да есімдерді осыдан бір-екі апта бұрын баспасөзде пайда болған инсайдерлік ақпаратқа сәйкес, Кәрім Мәсімовтің өзі мәлімдеп, олардың мемлекеттік төңкеріс әрекетіне қатысы бар деп мәлімдеген болатын. Алайда,  оның ісі сотқа өтіп үлгерген-ді, олардың есімдері  айыптау қорытындысында айтылды ма, біз ол жағын нақты білмейміз. Бір қызығы ол кезде «бизнеспен» айналысқан Назарбаевтың айналасындағылардың барлығы дерлік жаңа жыл мерекелері мен шетелдерде демалу мүмкіндігіне қарамастан Қазақстанда болғаны белгілі болып отыр.

Қылмысты жасыру

Соңғысы. Біз конспирология теориясына бармауға тырысып, тек белгілі фактілерге ғана сүйендік. Оның ішінде Алматыдағы президент резиденциясының тағдыры да бар.

Бұл ғимараттың айналасында көптеген сұрақтардың туындап отырғаны белгілі. Бұл іс жүзінде жәбір көрген ғимараттардың бірі, жөндеу (дәлірек айтсақ, бұзу) мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде жүргізілді және мұндай операция қылмыс іздерін жасыруға ұқсайтын сияқты. Қандай із дейсіздер ғой? Бейбіт шерушілерге дәл сол жерден снайперлердің оқ атқаны анықталды. Оның үстіне, олар адамдардың қарынына және аяқтарына (азап шегу үшін), сондай-ақ жаралыларға көмектескісі келетіндерге оқ жаудырған. Сол себепті де қарусыз адамдар арнайы жасақ пулеметтерімен және гранатометтерімен күзетілетін ғимаратқа басып кірді — олар кейінірек осы жерден табылды. Сондай-ақ, куәгерлердің айтуынша, жақын жерден Қазақстан Республикасының қарулы және арнайы күштері пайдаланбайтын (ресейлік шығарылған болуы мүмкін) снайперлік мылтықтардың патрондары табылған. Бірақ ешкім баллистикалық немесе өзге де сараптама жүргізбеген көрінеді.

Біз резиденцияның қаншалықты зардап шеккені және оны тез арада бұзу қажеттілігі туралы жарияланған ақпаратты көрме алмадық. Біз енді технологиялық бөлшектерге тоқталмаймыз, бірақ тағы да өртке төзімді блоктарды деформациялау үшін жеткілікті күшті өрт болуы мүмкін деген күмән бар. Қарапайым тілмен айтқанда, сыртқы әсер (өртегіш бензин?) болмаса, онда өртейтін ештеңе болмайды. Бірақ біздің ойымызша, ең бастысы, бұл бірінші Президентпен байланысты құнды және құпия ақпаратты сақтайтын өте күрделі ғимарат. Алайда Нұрсұлтан Назарбаевтың мұрағаты туралы, оның қайда болғаны және барлық өзге   құжаттардың тағдыры туралы бір ауыз сөз айтылмайды.

Ал, жұртшылықтың бойына асыл идеяны сіңдіре түсті. Бұл жерде қала тұрғындары үшін саябақ болады дейді. Көптеген адамдар оны қуана-қуана қабылдады. 5 қаңтарда болған ұрыс тезірек ұмытылып кетсе деген үмітпен. Ұмытып кетеміз бе әлде  ұмытып кеткендей кейіп танытамыз ба?

Мирас Нурмуханбетов




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.