Әшімбаев сенат төрағасы болып қайта сайланды - Exclusive
Поддержать

Әшімбаев сенат төрағасы болып қайта сайланды

26 қаңтар күні елордада парламент сенатының отырысы өтті, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы болашақтың алдында бәріміз бірдей жауапты екенімізді атап өтті.

– Плюрализм мемлекетті эволюциялық жолмен дамытуға мүмкіндік береді. Бізде саяси көзқарасы әртүрлі партиялар бар. Кандидаттардың түрлі мәселе бойынша ұстанымдарының бірдей болмауы да заңды құбылыс. Бірақ, көзқарастары мүлде қабыспайтын ымырасыз қарсыластардың өзіне ортақ құндылықтар бар. Ол – біздің қасиетті Отанымыз және қастерлі Тәуелсіздігіміз. Мен бұл туралы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаламда айттым. Өйткені, Тәуелсіздік үшін күрес күнделікті еңбекпен және елдік саясатпен тығыз байланысып жатыр. Болашақтың алдында бәріміз бірдей жауап береміз. Кейінгі ұрпақ кімнің саяси ұстанымы қандай болғанына мән береді. Аға буынның оларға қандай мемлекетті мирас еткеніне қарап, бүгінгі күнін бағалайтын болады. Сондықтан, біз ортақ мақсат жолында бірігуіміз керек, – деді Тоқаев.

Сондай-ақ парламент отырысында Мәулен Әшімбаев сенат төрағасы болып тағайындалды.

– Өздеріңіз білесіздер, менің Жарлығыммен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабының 1-тармағына сәйкес сенат төрағасы лауазымына Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынамын. Ол бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарды. Заң шығару жұмысын жақсы біледі. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан, оны сенат Төрағалығына лайықты деп санаймын, – деді президент.

Фото: ашық дереккөз

https://t.me/kzexclusive




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.