Қазақстанда ҰҚШҰ күштерінің оқу-жаттығулары өтеді - Exclusive
Поддержать

Қазақстанда ҰҚШҰ күштерінің оқу-жаттығулары өтеді

Қазақстан мен Беларусьте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы күштерінің Скала-2023 және Скала-2024 деп аталатын штабтық жаттығулары өтеді.

Мұндай шешім 18 тамыз күні Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің он үшінші отырысында қабылданды.

Іс-шара Ресей ТЖМ басшысы Александр Куренковтың төрағалығымен Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан төтенше ведомстволарының басшыларының қатысуымен өтті.

– Тараптар Беларусь Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Вадим Синявскийдің кандидатурасын ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің келесі төрағасы ретінде бекітті. Тиісінше, Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасында штабтық Скала-2023 және Скала-2024 жаттығуларын өткізу туралы шешім қабылданды, – делінген ҰҚШҰ хабарламасында.

Фото: ТАСС




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.