Петропавлда төтенше жағдай режимі енгізілді
Бүгін Петропавлда жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
7 мамыр күні «Береке» ықшамауданында қамыс жанып, қатты желдің салдарынан өрт шықты. Тілсіз жау кесірінен 9 жеке тұрғын үйді өртеріп, екі үйге зақым келген.
Төтенше жағдай режимі далада қалған отбасыларға ҚР заңнамасы аясында келтірілген шығынды қысқа мерзімде өтеу үшін енгізілді.
Айта кетейік, баспана иелеріне 100 АЕК мөлшерінде өтемақы да беріледі.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет