Қазақстанда екі жаңа мемлекеттік саяси лауазым енгізілуі мүмкін - Exclusive
Поддержать

Қазақстанда екі жаңа мемлекеттік саяси лауазым енгізілуі мүмкін

«Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Президенттің Жарлық жобасы «Ашық» НҚА порталында жарияланды. Құжатқа сәйкес, енді мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер қатарына мынадай жаңа лауазымдар енгізіледі:

– Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі;

– Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының сектор меңгерушісі.

Айта кетейік, құжат 24 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *