Ақпарат министрі Думан Мұхаммедкәрімнің қамалуына қатысты пікір білдірді - Exclusive
Поддержать

Ақпарат министрі Думан Мұхаммедкәрімнің қамалуына қатысты пікір білдірді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі журналист Думан Мұхаммедкәрімнің қамалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Exclusive.kz Азаттыққа сілтеме жасап.

– Журналистік қызметі үшін емес, саяси көзқарасы үшін қазір іс қозғалып отыр. Бұл жерде оның журналистік қызметіне кереғар, шектеу қойылып жатқан жоқ. Ол саналы түрде саяси көзқарасы үшін осындай қадамға барып отыр, – деді министр Азаттық тілшісінің сұрағына жауап беріп.

Айта кетейік, қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі аштық жариялап, ұлын босатуды талап еткен еді.

29 мамыр күні полиция журналист Думан Мұхаммедкәрімді қайта ұстады. Журналист бұған дейін екі рет 25 күнге қамалып шыққан.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.