Агиль Рустамзаде: Қазақтар – алғашқы түркі тектес халық саналады, алайда шындығына келгенде Ресей олардың санасын барынша улап тынғаны белгілі құбылыс - Exclusive
Поддержать

Агиль Рустамзаде: Қазақтар – алғашқы түркі тектес халық саналады, алайда шындығына келгенде Ресей олардың санасын барынша улап тынғаны белгілі құбылыс

Қазақстан – түркі тектес халықтардың отаны. Әзірбайжаннан келген танымал әскери талдаушы Агиль Рустамзаде «HAQ» қоғамдық қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Bailanystar» бизнес-клубында сөйлеген сөзін осындай сарында бастады.  Алайда, Ресей қазақтардың санасын барынша улап тынды,- дейді әскери маман.

КСРО құрамындағы елдердің ішінде, қазақтардың санасы барынша уланып тынды

– Гибридті соғыс – бұл заманауи өнертабыс болып саналмайтыны белгілі. Әскери ғылымдағы озық жаңалықтардың барлығы Қытай елінен бастау алады. Тіпті ежелгі дәуірдің өзінде-ақ Қытайдың әскери қолбасшылары жеңіске жету үшін жауларының араларына іріткі салудың өзі жеткілікті екенін түсінген болатын. Неліктен гибридті соғыстар қазіргі уақытта өте өзекті болып отыр? Адамзаттың дамуы тәрізді құбылыстардың, аумақты басып алу әрекеттерінің барлығы негізсіз қымбат шығындарға әкелетін деңгейге жетіп жығылды. Дейтұрғанмен, одан да маңыздысы, аумақты басып алған жағдайдың өзінде, оның тұрғындарына деген адалдық сияқты қасиеттерді сақтау мәселесінің туындайтыны шындық, бұған әсіресе қазіргі жағдайда қол жеткізу қиынның қиыны болып отыр. Сондықтан дамыған елдер гибридтік соғыстарға көшу үстінде, яғни ең әуелі халықтың санасын жаулап алады, содан кейін аумақты басып алудың бүкіл процесі белсенді әскери шаралармен аяқталып тынады.

Қазақстан үшін гибридтік қауіп-қатердің барынша ықтимал көзі Ресей болып табылады. Бүгінгі таңда нақты Ресей тарапынан Қазақстанға қауіптің төніп тұрғаны белгілі, себебі гибридтік соғыстардың басым бөлігі Қазақстан аумағында бұған дейін болып өткен-ді. Мәселен, Әзірбайжанда да гибридтік соғыс проблемасының орын алып отырғанын жақсы білеміз. Иран діни контекстті қолдана отырып, Әзірбайжан аумағында өзінің ақпараттық мәселелер тізімін құруға тырысуда. Бірақ, мұндай үрдістер біздің елде тек бастапқы сипаттарға ғана ие болып отыр.  Ал Ресейдің Қазақстан аумағында мұндай ақпараттық ықпалы бұрыннан бар құбылыс саналады. Яғни, бір сөзбен айтқанда гибридтік соғыс басталғанға дейін еш нәрсе  қажет емес. Қазақстан аумағында гибридтік қауіптердің белсенді әрекеттері байқалмайды, яғни оның күшеюі, қарқын алуы көрінбейді. Бірқатар ресейлік саясаткерлердің мәлімдемелері – Ресейдің Қазақстанға қатысты сыртқы саясатының балама көрінісі болып саналатын тәрізді. Егер, сізге қарсы нағыз ақпараттық соғыс басталатын болса, сіз мұны бірден сезінетін боласыз. Бұл, сіздің қолыңыздағы бір шелек су емес, қайнаған ыстық суы бар нағыз бассейн болады. Сондықтан, сіздің өміріңізде әзірге гибридті соғыс жоқтың қасы, сондай-ақ оның өзге де атрибуттары байқалып отырған жоқ. Мұндай гибридті соғыс бола ма әлде болмай ма, оны Украинадағы соғыстың нәтижесі көрсетеді. Егер, Ресей жеңілетін болса, онда ол ендігі жерде ешкімге де қауіп төндірмесі анық. Қазақстанның гибридтік соғыстан қорғану мүмкіндігіне келетін болсақ, халықтың қай бөлігі ресейлік немесе қазақшыл позицияны ұстайтындарын жақсы білмеймін. Бірақ бір нәрсе анық – сіздің қоғамыңызда жікке бөліну үрдісі орын алған. Сатқындық, мемлекетке опасыздық жасады деп айыптауға болмайтын халықтың бір бөлігі өзінің болашағын – бауырлас Ресеймен жасайтын қарым-қатынастардан көріп отыр. Оның үстіне бұл – объективті шындық. КСРО құрамындағы елдердің ішінде, нақты сіздердің саналарыңыз барынша уланғанын ескерсек, қазақтар өздерінің ұлттық тегінен алыстап кеткені ащы шындық.

Мемлекеттің  гибридтік қауіп-қатерлерге қарсы тұруға қауқары жете бермейді, мүмкіндіктері шамалы, өйткені ең әуелі халықтың миына шабуыл жасалады. Әлеуметтік желідегі адамдарға мемлекет қалайша қарсы шыға алады? Мұндай қауіптерге қоғамның бір өзі ғана қарсы тұра алады. Ендеше, қоғамда қордаланған проблема бар ма? Әрине, бар.

Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл болса да, сіздерді айтпағанның өзінде, тіпті біз әзірбайжандар ресейшіл агенттерден арыла алмадық. Сондықтан белсенді әскери іс-қимылдар жағдайында күштік блоктың Қазақстанда тиімді болмайтыны белгілі. Сіздер гибридтік соғысқа қарсы тұруға дайын емессіздер. Басқыншы елдің мұндай соғысты жүргізуге ниеті бар ма? Міне, мәселенің түп-төркіні осында жатыр. Сондай-ақ гибридтік соғыс тікелей әскери қақтығыс сияқты айқын көрінбесе де, бірқатар ресурстарды қажет ететіні белгілі. Қазір Ресейдің барлық ресурстары Украинамен болып жатқан соғысқа жұмылдырылып отыр. Бұдан өзге, бірде-бір ел ұзындығы 7 мың шақырымнан асатын шекарасын өздігінен «өртемейтіні»белгіліжәйт. Сондықтан гибридтік соғыс пен Ресейдің Қазақстанға басып кіру қаупі күн сайын сейіліп келеді.

Өзгелерге қарағанда, сіздер нағыз тәуелсіздікке қан төгізсіз қол жеткізе аласыздар деген сенімдемін.

– Толыққанды ақпараттық соғыстың басталғанын қалайша сезінуге болады? Сіз Украинаның басынан өткен оқиғалар тәрізді, ақпараттық майдан алауына тұншығып кете барасыз. Теледидарды қосқан бойда, ақпарат ағынына бата бастайсыз. Қазақстанға қарсы риторика –жаңалықтардың, әлеуметтік желілердің барлығын жаулап алады. Сіз өз қоғамыңыздың барлық қайшылықтары мен кемшіліктерін одан бетер аша түсесіз.  Бірақ, Ресей қазіргі таңда Батыспен ақпараттық соғыс жүргізіп жатыр. Бақыттарыңызға қарай, бүгінгі күні сіздерге қарсы қандайда бір күштер де, ресурстар да, белгілі бір ауқымды әрекеттер де жасалып жатқан жоқ.

Әскери шабуылдарға келсек, соғыс басталғанға дейін Ресейде 150 мың әскер болған. Бүгінде Ресей әскері таусыла бастады, үш есеге азайып қысқарды. Сіздерді былай қойғанда, олар бізге ештеңе істей алмайды. Экономикалық санкциялар Ресейдің жауынгерлік қабілетін қалпына тез келтіруге мүмкіндік бермейді. Бұл күндері Қазақстан үшін Ресейді қауіп-қатер көзі саналмайды.

Қазақстан мен Беларусь елдерінің басты проблемасы – сіздер іс жүзінде КСРО-дан нақты шықпағансыздар. Ұлттық өзіндік сананың өсуі сіздерде енді ғана басталып жатқан құбылыс. Қазақстан халқы әлі де болса КСРО өлшемдерімен ойлайды және бұл ұзақ мерзімді мәселе ретінде қаралып отыр, тіпті Ресей жойылған кезде де ешқайда кетпейтін құбылыс саналады. Қазақстанның даналығы – қоғамдағы өзара іс-қимыл, яғни әрекеттестік моделін құруында болып отыр. Сепаратизм қаупі бар елдер үшін мұндай үрдістер, мемлекеттік идеологтардың кемшілігі  ретінде қаралады.

Бірақ қазақ тілінің агрессивті дамуы да панацея саналмайды. Бұл эволюциялық процесс болуы керек. Үш жылдан кейін сіздердің әрқайсыларыңыз орыс тіліне қарағанда, қазақша жақсы сөйлей аласыздар ма? Адалдық қасиеттер – бұл сіздердің басты артықшылықтарыңыз. Қоғамды біріктіру керек, өйткені ол қазірдің өзінде соншалықты жік-жікке бөлініп кеткен. Оның үстіне қоғамды тілдік белгілеріне қарай бөлуге мүлдем болмайтыны айдан анық.

Иә, соғыста Украинаны жеңгеннен кейін де, Ресей тарапынан басқыншылық жасау мүмкіндігінің аз болатыны белгілі. Алайда, сіздерде басып алу үшін барлық жағдайдың жасалғанын ете ұстаған жөн. Бұған ұлтаралық негіздегі тұрмыстық қақтығыстардың өзі жеткілікті, Солтүстік Қазақстан отқұшағына орана бастайды. Бірақ, бүгінгі таңда мұндай әрекеттер Ресейге қажет деген үміттемін. Алайда, мұндай сценарийді толығымен жоққа шығаруға да болмайды. Сондықтан, менің ойымша, ең әуелі ақпарат алаңын ресейлік медиа арналардан тазарту керек. 2014 жылы Украинадағы тіл мәселесін қоздырғандар, негізінен ФҚК-нің агенттері болды. Егер, әлдекім ультиматум ретінде қазақша сөйлеуді талап еткен болса, онда бұл кездейсоқ құбылыс саналмайды. Ақпарат – гибридтік соғыстың негізгі элементі болып табылады.

Түркі одағы – өзіңізді тұйыққа тіреп, алдамаңыз

Түркілерді әскери және экономикалық тұрғыдан қолдау туралы айтудың өзі әлі ертерек. Иә, Ресейдің позициясы онсыз да әлсіреп жатыр, алайда табиғаттың бос жерлерді, бос кеңестікті ұнатпайтыны белгілі. Украинадағы соғыстан кейін АҚШ-ы Қытай мен түркі мемлекеттерінің Қазақстан мен Орталық Азиядағы ықпалының күшеюінен қауіптене бастайтын болады. Егер, сіздер Украинадағы жағдай тәрізді АҚШ-қа өз аймағыңызға кіруіне жол берсеңіздер, онда Қытайдың жауына айнала бастайсыздар. Ал Қытайдың кіруіне жол берсеңіздер, АҚШ-тың жауы болып шыға келесіздер. Түркі мемлекеттерінің ұйымы сіздер үшін, ең әуелі әскери-техникалық және экономикалық әлеуетіне байланысты қызығушылық тудырады. Сол себепті соғыстан кейін, сіздер тең векторлы саясат жағдайына тап боласыздар, яғни Қытаймен де, АҚШ-пен де, түркі мемлекеттерімен де достық қарым-қатынасты жалғастыруға тура келеді.

Бірақ, мен, Ресейдің түркі халықтарын қолдау әрекеттерін асыра бағаламас едім. Егер, қазақ болмысы осылай бұлыңғыр тартқан болса, онда татарлардың немесе башқұрттардың болмысы қалайша бұлыңғыр тартқанын көзіңізге елестете беріңіз. Бұл халықтардың барлығы орыс тілінде сөйлейді және олардың ұлттық жадын қалпына қайта келтіру үшін ондаған жылдар қажет болады.

Әскерилерді азаматтық бақылаусыз қалдыруға болмайды

Қазақстанда кеңестік әскери мектептердің дәстүрлері әлі де болса берік әрі мықты, біз одан әлі де болса құтылуға тырысып жатырмыз. Батыс әскери мектебі – бұл тиімділік пен үнемділік ордасы. Қандай қазақстандық генерал қазіргі жағдайды ескере отырып, ақшаны қорғанысқа қалай жұмсау керек деп ойланып, бас қатыруда? Бұл Украинадағы соғыста жеңіліп жатқан, кеңестік әскери мектептің тәрбиесін алған адам. Мұндай адам не нәрсе сатып алады? Сіздердің әскери күштеріңізде ең әуелі ненің қажет екендігі туралы нақты түсінік жоқ деп қорқамын. Оның үстіне, Қорғаныс министрлігінде соғыстың ақпараттық құрамдас бөлігі туралы ойлайтын адамдар кемде-кем. Әзірбайжан  мұндай адамдардан арылып жатыр. Әскерилер үнемі консервативті келеді, сондықтан оларды азаматтық бақылаусыз қалдыруға әсте болмайды.

Оптимистік көзқарасыма қарамастан, мен Ресейдің болжам жасауға келмейтін  ел екенін айтқым келеді. Қақтығысты сейілту үшін Ресей соғысты тоқтатады деген болжамдар да бар. Содан кейін мұндай әрекет Украинада жүзеге аспады, енді мұны Қазақстанда іске асырып көрейік тәрізді сценарийдің орын алуы әбден мүмкін. Алайда, мұның өміршең болуы екіталай деген үміттемін. Қазіргі жағдайда кері экспорттыңбасым бөлігі Қазақстан арқылы өтеді, ресейлік бизнестің бір бөлігі Қазақстанға көшіп тынды. Қазақстан Ресей үшін түтікше тәрізді және мұндай жағдайда ешкімде, сіздің еліңізге  «от қойып», ақылға сыйымсыз әрекеттер жасамайды деген сенімдемін. 2007 жылы Кремльмен арадағы қарым-қатынасымыз қиын да күрделі болды, алайда Солтүстік Кавказ мәселесі ушыға түскені белгілі, сөйтіп олар бізбен «конструктивті қарым-қатынас» құра бастады. Оның үстіне от құшағына оранған шекаралар, ислам радикалды күштері үшін ашық бола түсті. Олар өз-өзіне қол жұмсайтын күштер емес деген сенімдемін.

Әзірбайжанға да гибридтік қауіптің төніп тұрғаны рас. Әзірбайжан халқының тек жартысы ғана түркі тектес халықтардан тұрады, қалған бөлігі парсылардан құралған. Осы жағдайды пайдаланып, Иран шиіттік белдеу түрін құруға тырысуда. Түркілерді парсылармен араздастыру, сөйтіп жағдайды іштен шайқалтып  алу  үшін елде белсенді ақпараттық науқанның басталғаны белгілі.

Түрік болмысының мәселесін дамыта бастайтын болсақ, елімізде бірқатар проблемалардың туындайтыны белгілі. Бакуде сіз кез-келген діни қозғалыстың кез- келген шіркеуін немесе мешітін кезіктіре аласыз. Біз түркі тамырын жұлып алуға жол бермейміз. Сіздерге де осылай жасауға  кеңес береміз. Бір кездері Түркия  күрдтердің 15%-на ие бола отырып, толығымен моноұлттық мемлекет болғысы келгенін жақсы білесіздер. Содан бері олар ондаған жылдар бойы осындай әрекеттермен күресіп келеді. Менің ойымша бізге бөліп-жару емес, керісінше  біріктіру қажет. Сіздердің халқыңыздың ресейшіл бөлігі ерте ме, кеш пе өз еліне адал болатынына сенімдімін.

Украина үшін барлығы бас ауыртып, оған қолдау білдіруі тиіс. Олар сіз үшін де, біз үшін де күресіп жатыр. Соғыстың, әскери қимылдар аяқталғаннан кейін де бітпесі анық. Украина шекарасын қалпына келтіргеннен кейін де,  бұл екі жақты қақтығыстың толық шешілуіне әкелмейді. Ресей КСРО-ны 2:0-мен жеңемін деп армандаған кезде, мұндай әрекеттер жалғаса беретін болады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.