Алматыда Young Citizen Scientists оқушыларға арналған жобаның финалы өтті - Exclusive
Поддержать

Алматыда Young Citizen Scientists оқушыларға арналған жобаның финалы өтті

Бүгін Алматы қаласының Бас ботаникалық бағында «Шеврон» компаниясымен серіктестік аясында American Space Almaty (Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының жобасы) ұйымдастырған жобаның қатысушылары мен жеңімпаздарын марапаттаудың соңғы рәсімі өтті.

«Young Citizen Scientists» («Жас ғалымдар мектебі») жобасы ағымдағы жылдың наурыз айында басталып, Алматы қ.БББ Ботаника және Фитоинтродукция институтының 90 жылдығына орайластырылды. Жобаны ұйымдастырушылардың басты мақсаты — оқушылардың қоршаған ортаны зерттеуге деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар ботаника саласында теориялық білім ғана емес, практикалық зерттеу дағдыларын алуға мүмкіндік беру. Жобаға қатысушыларды қабылдау конкурстық негізде өтті.

Іріктеу нәтижелері бойынша жобаға 14-17 жас аралығындағы 40 оқушы қатысты, бұл ретте әрқайсысы өз бағытын таңдады, ал теориялық оқудан өтіп, өз білімін Ботаникалық бақтың зертханаларында тәжірибеде сынай алды.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.