Астана қаласының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды - Exclusive
Поддержать

Астана қаласының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Астана қаласының бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, – деп жазылған Жарлықта.

Айта кетейік, 8 желтоқсан күні Алтай Көлгінов Астана қаласының әкімі қызметінен босатылды. Астана қаласының әкімі болып Жеңіс Қасымбек тағайындалды.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.