Бас прокуратура Кәрім Мәсімовтің ісі туралы мәлімдеме жасады - Exclusive
Поддержать

Бас прокуратура Кәрім Мәсімовтің ісі туралы мәлімдеме жасады

Бас прокуратура бұрынғы ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов туралы ақпарат берді.

– Іске құпиялылық белгісі берілген, яғни материалдар таратылмайды. Бұл істер туралы прокурорлардан бірнеше адам хабардар, – деді Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев.

Бас прокурордың орынбасары бұл іс бойынша күдіктілердің барлығы қамауда екенін атап өтті.

– Ешкім ешқайда кетпеді, жасырынған жоқ. Іс аяқталды, іс материалдарымен танысу басталды. Біз іспен танысу үшін процессуалдық шектеулер қойған жоқпыз, — деп толықтырды Шындалиев.

Қаңтар оқиғасы кезінде Мәсімов ҰҚК басшысы қызметінен алынып, мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. Оның орнына Ермек Сағымбаев тағайындалды.

Айта кетейік, ҰҚК бастығының бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов, Марат Осипов және Дәулет Ерғожин де қамауда отыр.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.