Бородавкин сияқты ақымақтар «ұлы Ресейдің» нағыз бейнесі – Шораев - Exclusive
Поддержать

Бородавкин сияқты ақымақтар «ұлы Ресейдің» нағыз бейнесі – Шораев

Қоғам қайраткері және кәсіпкер Арман Шораев «Қазақстанда ұлтшылдық пен руссофобия бар» деген Ресей елшісіне жауап берді.

Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин сұхбат беріп, Қазақстандағы ұлтшылдар мен руссофобия туралы даулы пікір айтқан еді. Арман Шораев Ресей елшісіне ескерту жасап, жауап қайтарды.

– Қазақстандағы русофобияны бірінші кезекте сен бастайсың. Никонов, Федоров, Соловьев пен Медведев сияқтылар күн сайын Алматы қаласын бомбалау керек деген пікір айтады. Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарын басып алып, Ресейге қосу керек, Қазақстанда қазақ тіліне тыйым салу керек дегенді айтып жүр. Русофобия – Ресейдің әдепсіз әрекеттері арқылы жеткен жетістігі, – деді Шораев.

Сондай-ақ егер Ресей Украинадан кейін Қазақстанға соғыс ашу туралы шешім қабылдаса, қандай жағдай күтіп тұрғанын айтты.

– Украиндар бекерге оқ атты деп ойлайсың ба? Сендер мылтық алып, біреудің үйінің берекесін алдыңдар. Енді жауабын алыңдар. Егер Қазақстанға келсеңдер, дәл солай болады. Бородавкин сияқты ақымақтар – «ұлы Ресейдің» нағыз бейнесі. Бородавкин, Қазақстанда нацистер мен фашистерді көргіңіз келсе – айнаға қара. Сонда нағыз фашист пен ұлтшылды көресің, – деп қорытындылады Шораев.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.