Джамиля Стехликова: «Ресей ыдырай бастаған сәтте, Қазақстан әлемді апаттан құтқаратын болады» - Exclusive
Поддержать

Джамиля Стехликова: «Ресей ыдырай бастаған сәтте, Қазақстан әлемді апаттан құтқаратын болады»

Чех саясаткері Джамиля Стехликова  Қазақстанның әлемдік аренаға шығатын кезі келді деп есептейді. Қазақстан Ресейдің көлеңкесінен шығып, соңғы империя құлаған сәтте әлемді апаттан құтқаруы керек. Ол үшін еліміз батыстың «соқыр дағы» болуын  доғаруы тиіс деп санайды саясаткер.

– Украинадағы соғыс пен энергетикалық дағдарыс Еуропа елдеріне, Орталық Азия мен Қазақстан сияқты елдердің бар екенін еске салды деп айта аламыз ба? Қазір біздің аймақтың маңызы қандай, бұл тұрғыда Еуропаны қалай қызықтыра аламыз?

– Еуропада және тұтастай алғанда Батыста біздің аймақ әлі күнге шейін Ресейдің бір бөлігі ретінде қабылданады, сондықтан бұрынғы колонияларға деген қатынас сәл өзгешелек болған-ды. Жалпы алғанда, аймақ Ресейдің көлеңкесінде өмір сүріп келді. Алайда, мұндай миф Ресей Украинаға басып кірген кезде, яғни Путин өзінің ақылсыз жоспарын іске асыра бастаған сәтте жойыла бастады. Сөйтіп әлем Ресейдің ғасырлар бойы отаршылдықтан кейін тарихи аренаға шыға бастаған өте күшті көршісі бар екенін сезіне бастады. Дәл осындай сигнал Тоқаев Санкт-Петербург форумында, Путинмен кездесу барысында ЛХР мен ДХР тәуелсіздігін мойындамайтынын тағы бір мәрте мәлімдеген кезде біліне бастаған болатын. Осылайша Батыс – Еуразияда осы уақытқа дейін ешкім танып білмеген өте мықты ойыншының пайда болғанын сезіне бастады.

Бәлкім, қазақтарға Тоқаевтың сөзі соншалықты радикалды қабылданбайтын шығар, шын мәнінде олардың өмірінде – «бұл менің жақын көршім» тәрізді Ресейге қатысты ойлары өзгермейтін де болар.  Алайда, орасан зор экономикалық тәуелділікке қарамастан, бұл екі тектоникалық тақтай, атап айтқанда Ресей мен Қазақстан –  қазірдің өзінде бір-бірімен алшақтай бастады және арадағы мұндай алшақтық күн сайын артып келеді. Ал мұндай тұңғиықтарды босқындармен толтыра алмайтыны белгілі жәйт. Олардың алдында басты таңдау тұр – Қазақстанда қалып, қазақстандық атану, не болмаса елдеріне қайтып оралу.  Қайда оралу керек? Қазір бұрынғы Ресей жоқ, ол қандай елге айналады – мұны тарихтың өзі шешетін болады.

Осындай маңызды бетбұрыс Тоқаев Қазақстан мұндай квазимемлекеттерді ешқашан мойындамайды, өйткені біз халықаралық заңдарды, халықаралық ережелерді құрметтейміз деген кезде туындай бастаған болатын-ды, сөйтіп Қазақстан бірден Еуразиядағы құқық тәртібінің орталығына айнала бастады.

Ал Путин – Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған халықаралық тәртіпке қарсы әрекеттерге барып, бұзақы адам ретінде мұндай тәртіптерді жоюға кірісті. Мұндай жағдайда Қазақстанның ішкі өмірі қандай, онда қандай процестер жүріп жатыр, халық демократияға пісіп-жетілді ме, ол жағы маңызды емес.  Қазақстан халықаралық құқық пен заңдарды қолдап, қорғай бастады. Мұндай әрекеттер адамда жағынан тартып жібергендей қабылданды. Тоқаев: «Біз ұры-қары емеспіз, атаманның ысқырығына жүгіре шауып, сарбаздарымызды жеткізетін және аумағымызды ұсынатын жайымыз жоқ» деген еді.

Мұндай мәлімдемелер  Орталық Азия мемлекеттерінің үнсіздігі аясында жасалған үлкен қадам болды. Мұндай жағдайда олар бұдан бұрын Қырымды Ресейдің бір бөлігі деп таныса да, ендігі жерде Украинаның жаңа аумақтарының аннексиялануын мойындауға бара алмайды. Бірақ мұндай шешендік үнсіздігінің өзі бүгінгі күнге жетіп жығылатыны рас. Қазақстан мұндай үнсіздік нотасынан бас тартып, өзіндік мәдениет үлгісін ұсынып отыр. Қазақстан Президенті танытқан  қадір-қасиет пен абырой халықты қатты қуантты. Олар маған қоңырау шалып, осындай Президенттің бар болуымен құттықтаған болатын-ды. Мен Қаңтар оқиғасы жайлы айта бастатағанда, олар: «Білеміз, білеміз, оқыдық, өзіңіз анықтайсыз» деп жауап берді. Мен тіпті чехтарды сендіруден шаршай бастадым.

Самарқандтағы кездесу, «ұжымдық батыс» болса, онда «ұжымдық шығыстың» да бар екенін көрсетті. Түркия, Қытай, Қазақстан және Орталық Азия мемлекеттері өркениетті адамзат болып қала беретіндерін және Путиннің қарақшылар кемесіне кірмейтіндерін көрсетті. Қазақстан алапес дертіне шалдыққан көп векторлы шандырлардың бірін ампутациялауы керек, әйтпейінше гангренадан құтылмасы анық.  Қазақстан Ресейге бір емес, бірнеше рет құтқару арқанын ұсынды. Тоқаев жалғыз шетел президенті болған Санкт-Петербургтегі саммитті еске түсіріп көріңізші.

Ресей империясы Қазақстанның «көмегінсіз» бірнеше рет күйрегені белгілі. Әуелі бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, атап айтқанда 1916 жылғы әскерге жұмылдыру кезінде қазақтар наразылық туын бірінші болып көтерген кезде орын алды. 1991 жылы қазақтардың КСРО-дағы алғашқы жаппай толқуы да Алматыда болды. Қазақстан Ресейдің ең жақын көршісі, сондықтан оны жұтып жіберуге дайын, Ең әуелі Украина «жоқ» деді, кейін Қазақстан. Ендігі жерде Ресейдің тылда одақтасы жоқ. Біз осы жағдайлардың барлығы сәтті аяқталатынына сенімдіміз, Қазақстан Ресей Федерациясының  уысында болатын болса, онда жағдайдың мәз болмайтыны белгілі.

Сол себепті Қазақстанға өзінің көпвекторлы саясатынан бас тартатын уақыт келді, осылайша Ресей империясы құлағаннан кейін пайда болатын кеңістікпен аймақтық ынтымақтастықтың жаңа үлгілерінің орталығына айналатын болады.

Менің ойымша, бұл Тоқаевтың қолынан келетін іс – мен оны көптен бері бақылап жүрмін. Тоқаев тәжірибелі дипломат және әскери қақтығыстардың алдын алу үшін қажетті жағдайларды жасай алды. Бұл тек қазақтар үшін ғана емес, Ресей үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін өте маңызды саналады. Себебі адамдар суықтан емес, осындай ұры-қарының кез келген заңды бұзуы мүмкін және осы мақсатта оған ешкімнің кедергі бола алмайды деп қорқады. Сондықтан Қазақстанның Беларусь сияқты әрекет етпегені өте маңызды, дегенмен көпшілік авторитарлық мемлекеттің тұрақты репутациясына байланысты бұған үрке қарағаны белгілі. Лукашенконың өзін қалай ұстайтынын және Тоқаевтың өзін қалай ұстайтынын қараңызшы. Қазақстанда мәдениеттің сақталғаны және оған әлемдік деңгейде қарақшылықпен күресудің қажеті жоқ екенін бірден байқауға болады.

Қазақстанның әлемдік кеңістікке ұмтылып отырғаны анық,  ендігі жерде еуроатлантикалық ынтымақтастықтың уақыты келіп жетті.

– Ал қазір өңірімізде қарқын алып келе жатқан түркілердің интеграциялық векторын қалай бағалайсыз?

– Мен қазақшаға қарағанда түрік тілін жетік меңгерненмін. Осы жылдар ішінде мен Түркияның Еуропалық Одаққа кіруін қызу қолдадым, бір сөзбен айтқанда жалынды жақтаушысына айналдым және бұл мақсатта бірталай жұмыс жасағаным шындық.  Түркия Қазақстан үшін өте маңызды және Ресейден бөлек тағы бір бауырлас мемлекет болуға дайын екенін үнемі айтып келеді. Мен көптен бері өз кезегін күтіп отырған көптеген елдер сияқты Түркияның да ерте ме, кеш пе Еуроодаққа кіретініне сенемін. Әрине, әзірге Еуропаның Шығыс Еуропа мемлекеттеріне артықшылық беріп отырғаны белгілі, бұл әділеттілікке жатпайды.  Бірақ Түркияның еуропалық векторы оның өркениетті лагерьде тұрғанын, ережелерді құрметтейтін, аумақ үшін соғыс ашпайтын ел екенін көрсетіп отыр.

Енді міне, Қазақстан Батыстың санкциясынан қаймықса да, өркениетсіз лагерьден кетіп тынды. Үй ішінде пышақ алып жүгіретін маскүнем, төбелес күйеуімен ұрыс-керіссіз, ақылды әйелі сияқты  Ресеймен жай ғана абайлап қоштаса бастайды. Көпшілік ойлағандай Қытайға емес, Еуропалық Одақ құрып жатқан кеңістікке ұмтылатын болады.

Ресей империясы ыдырай бастаған кезде мұндай құрылымды апаттан сақтап қалу керек болады, бұл Қазақстанның еншісіндегі дүние. Мұндай құлдыраулар ауыр зардапсыз, бірқалыпты жүруі керек, жергілікті соғыстар болмауы тиіс.  Қазақстан болашаққа  тұрақты, салмақты әрі прагматикалық көзқараспен қарауы қажет.

– Бірақ бір қызығы, Ресейдің ыдырауына Еуропаның соншалықты   құлшыныс танытып отырғаны шамалы көрінеді, себебі еуропа төрінде үлкен тұрақсыздық белдеуі пайда болады. Еуропа Ресейдің күйреуіне мүдделі ме?

Еуропадан не нәрсеге мүдделі екенін ешкім де сұрамайды. Тарихтың өзіндік логикасы болады. Еуропада Путин қолдаған партиялардың саны өте көп. Біз Чехияның екі президенті – Вацлав Клаус пен Милош Земан орыстардың ақшасына сайланғанын жақсы білеміз. Ресей Еуропаны сыбайлас жемқорлық дертіне ұшыратты, оның Франция мен Германия сияқты дәстүрлі екі мықты одақтасы бар. Германияның Бисмарк заманынан бері Ресейге бағыт алғаны белгілі, ол Азияны көзіне де ілмейді.  Францияның өзіндік сентименталды тарихи қарым-қатынастары бар. Бұл екі мемлекет Ресейді жасырын түрде үнемі қолдайтын болады. Бірақ өзгелері, әсіресе Шығыс Еуропа Ресейді қолдамайды. Бір ерекшелігі  Виктор Орбан мен біздің Земан, айтпақшы, қазірдің өзінде екеуінің өз ойларынан бас тартып, Ресейге қарсы тұру керек деп жар салып жүрген жайы бар. Империя ыдырайтын сәттегі Еуропаның көзқарасы тарихты ешқашан өзгертпейді.  Жаңа Еуропа Украинаға көмектескен мемлекеттерге арқай сүйейтін болады.

Еуропа шындықты қабылдауы қажет, өзіміз қалаған айтқымыз келетін дүниелерді айтудың қажеті шамалы. Ендігі жерде Ресей деген ел жоқ, ол қазірдің өзінде модель, Путиннің ауру миындағы иллюзия.

Сондықтан Ресейдің күйреуі туралы қорқыныштың бар екені шындық, тек қорқыныш қана емес алаңдаушылық пен үрейдің де орын алып отырғаны белгілі, бірақ еуропалықтардың көпшілігі бұған сене бермейді. Ең жақсы деген жағдайда Ресейді Солтүстік Кореяның тағдыры күтіп отыр, бірақ мұндай нұсқаның да шексіз жалғаса беруі мүмкін емес. Украинаның жеңісі мен Батыстың санкциялары бұған жол бермесі анық. Әрине, Ресейде атом қаруы бар екені белгілі, олар мұндай қаруды бопсалау құралы ретінде қолдануы мүмкін, бірақ шексіз қолдана алмайтыны анық. Бүгінде барлық өркениетті әлем мифпен соғысып жатқанын түсінді және мұндай миф жойылып тынды.

Қазақстан барлық ықтимал, мүмкін деген нұсқаларды шынайы көзқараспен қабылдап, жағымсыз жағдайларға дайындалуы тиіс. Тоқаев мұндай әрекеттерді жасап жатыр. Түркиямен, Қытаймен әскери ынтымақтастық бар, ол Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларымен кездесті. Орталық Азия елдері бұған сақтық танытып отыр, бірақ дайындық жүріп жатыр.

Қазір жаңа әлем құрылуда және Қазақстанның дұрыс көзқарасты ұстанатын мемлекеттер тобында болуы өте маңызды, ал империяның соңы қалай болатынын, өкінішке орай, біз айта алмаймыз. Дегенмен де мұндай үрдістердің біздің көз алдымызда басталғанын біз жақсы білеміз.

– Бұл ұзақ уақытқа созылуы мүмкін, біз осында және қазір өмір сүруіміз керек қой. Сіз айтып отырған ажырасу жағдайында Еуроодақ Қазақстан мен Орталық Азияға көмек көрсетуге дайын ба?

– Бұл ажырасудың қалай жүзеге асуына байланысты болатын құбылыс. Егер ажырасу дипломатиялық жолмен жүретін болса, онда мұндай көмектің қажеті шамалы. Бұл «есалаң мас күйеуі әйелін балаларымен қуып жіберді, ал оның барар жері жоқ» деген жағдай емес. Қазақстан қазір көмек қолын ұсынып жатқан елдердің қатарынан табылып отыр. Мен Еуроодақ та көмектесуі қажет деп санаймын, бұл оның міндеті. Еуроодақ енді  Қазақстанға босқындар мәселенде көмектесуі керек. Түркия Сириядан келген босқындарды бекерден-бекерге қабылдаған жоқ. Ал Қазақстан қазір ресейлік босқындарды өркениетті түрде қабылдап жатыр. Әрине, мұндай жас жігіттердің барлығын шекара маңына қамап, Еуропа елдері сияқты лагерьлер салуға да болар еді ғой? Бірақ мұндай әрекеттер оларды күзететіндер, тамақтандыратындар үшін үлкен жүктеме болар болатыны сөзсіз. Ресейліктер ол жерде жұмыс істей алмас еді. Тоқаев еуропалықтар тұрғысынан аланда өте тәуекелді шешім қабылдады. Бірақ мұндай шешім адамдардың жұмыс табуы және өз-өздерін асырай алулары үшін өркениетті саналатыны белгілі.

Қазақстан есікті ашып, көмек қажет деген сезім пайда болмайтындай әрекет етуде. Бірақ Тоқаевтың командасындағы адамдар осының бәрін Еуроодақпен талқылауы керек. Мен мұндай адамдардың бар екеніне сенімдімін.

Еуроодақ мәселесі – соқыр, зағип буынның мәселесі тәрізді, ол Орталық Азияны көзіне де ілмейді. Қазақстанды да назарға алмайды, оның тұрақтандырушылық  маңыздылығын жіті түсінбейді. Грузия шекарасындағы шиеленіс, тәртіпсіздікке бір сәт назар аударыңызшы. Ал Қазақстанда мұндай әрекеттердің барлығы өркениетті түрде өтті. Қазір Ресейде Қазақстан туралы қандай пікірлер айтылуда? «Қандайда бір жағдай орын алса,  Қазақстанға барамын». Осыдан кейін адамдар бірден тынышталып, сабырлық таныта бастайды. Яғни, Қазақстан үлкен тұрақтандырушы факторға айналды деген сөз. Ал Еуропа түбегейлі өзгеріп, қайта құрылатын болса, Қазақстанның ондағы лайықты орнын алуға мүмкіндігі әрине зор. Біздің құндылықтарымыз еуропалық сипатқа ие. Әрине, мұндай құндылықтарға дәстүрлі, отбасылық және ұлтшылдық қаисиеттер тән. Отарлаудан кейінгі халық өз мәдениетін қастерлеп, оны қай жағынан болса да қоғам алдына шығара білуі тиіс, сөйтіп Түркия немесе Қытай болмайтын күшті қоғамның бір бөлігі болуы керек.

Саяси реформалардың орнына сауда преференциялары тәрізді ЕО пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың біршама жеңілдетілген формуласы бар екені белгілі. Сіз осындай модельмен келісесіз бе? Егер біз шын мәнінде еуропалық құндылықтар туралы айтатын болсақ, онда бұл бұрынғысынша саяси модернизация тұрғысынан қаралатынын жақсы білеміз, ал біздің саяси жүйемізге ескілік сипаттар тән. Бұл біздің аймақтағы әрбір елге қатысты айтылатын мәселе.

– Қазақстан Еуропалық Одаққа жақындауға, әсіресе оның аумағының бір бөлігі Еуропаға қатысы болғандықтан жақындауға мүдделі екенін айтсын. Еуропалық Одақ – сіздерге модернизация қажет деп жауап беретін болады.  Мұндай қадамды айтпақшы, декларативті түрде болса да Назарбаев жасаған-ды.

Әрине «кіші-гірім» мін таппасаң, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі ең үздіктердің бірі саналады. Ата Заң керемет. Тек оны орындау қажет. Еуропа өзінің конституциясына сәйкес Қазақстанда саяси реформалардың жүргізілуін қалайды.

Қазақстанның Еуропаға жақындау процесіне Ресей кедергі келтірді. Жоғарыда мысал ретінде келтірген есі ауысқан, мас, маскүнем, ақымақ, сондай-ақ өте қызғаншақ күйеуі сияқты кесірін тигізді. Міне, қараңызшы Грузия Еуропалық Одаққа кіруге ниет білдіріп отыр, ал Германия бас тартты. Бір нәрсе болды ма? Бірақ Ресей мұндай қадамға бірден соғыс арқылы келіп отыр. 2008 жылы Абхазияда, Осетияда не болғанын бәріміз жақсы білеміз. Украинамен соғыс та дәл осындай себептерге байланысты басталды. Мен 2014 жылы Қырымды қосып алу мәселесін айтып отырмын. Путин қызғаншақ па? Оның Каспий құбырын қалай жауып тастағаны есіңізде ме? Әрине, бір-екі күнге ғана жапқаны белгілі, десек те қауіп-қатерді көрсетіп үлгерді.

– Конституция туралы тезиске қайта оралсақ – жыл өткен сайын ол адам танымастай өзгерді. Референдумнан кейін, үш ай өткен соң Конституцияны қайтадан өзгертуі, Тоқаевқа тағылған негізгі айыптардың бірі ретінде қаралып отыр. Сіздің ойыңызша неліктен ол кенеттен кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім қабылдады?

Ол билікті нығайтқысы келеді, сөйтіп авторитарлық жолмен басқаруды жөн санайды, билікті басқалай жолмен ұстап тұру мүмкін емес. Елдің әрбір басшысы билікке құштар келеді. Бұл бірінші себеп. Екіншісі Тоқаев Назарбаевтың олигархтары мен кландары билікке қайтадан келеді деп қатты қорқады. Жергілікті элита әлі де қауқарлы, олардың байланыстары, ақшалары, ықпал ету күштері  жетіп жығылады. Мұндай құрылымдар билікті қайтарып алуға тырысуы әбден мүмкін және аталмыш әрекеттер елді азаматтық соғыстың шегіне жеткізуі бек мүмкін. Бұл жағдайда Тоқаев өзіне қалыпты жағдайдағыдан гөрі көбірек билік алып тынды. Біз осындай әрекеттерді ғана байқап, Қазақстан стандартты демократиялық мемлекет емес, Конституцияда «ақаулар» бар деп айта аламыз. Тоқаев өзінің сәтін өте ептілікпен пайдаланады, өйткені ол Путинге қарсы және бұл оның билігін күшейтіп отырғаны белгілі.

Әрине, оның билігі авторитарлық болуы мүмкін, өйткені Орталық Азияда осылай жасайды.  Бәлкім, ол басқаша басқара алмайтын болар. Ал реформалар ішінара болатын құбылыс, өйткені мықты реформалар жүргізілетін болса, мұның бәрі ыдырап, Ресейдегі тоқсаныншы жылдары Ресейде орын алған оқиғаның қайталануы мүмкін деген қауіп бар.

–  Бұған сайлаудың қандай қатысы бар? Қаңтар оқиғасы Тоқаев президент болған кезде орын алды ғой, ал мұндай әрекеттердің мемлекеттік төңкеріс қаупін жоймағаны белгілі?

Бұрынғы президенттің осындай ұзақ билігінен кейін, мемлекетті демократиялық жолмен басқаруды бірден бастау мүмкін емес, өйткені жұмыс істеп тұрған жұмысшы институттар жоқтың қасы. Жалғыз ғана  мүмкіндік  елді берік те мығым қолмен басқара білу. Авторитаризмге деген белгілі тенденциялар болады.

Біз заңдарға бағынатын демократиялық белдеуге жатамыз деп жар саламыз, алайда мәселе халықаралық заңдар туралы болып отырғаны белгілі. Ал ішкі істерге келетін болсақ, мұнда сенімділік жоқ. Өкінішке орай, күшті де мықты саналатын биліктен кейін, билікті «ақ қолғапта» ұстау мүмкін емес. Бұл өте өкінішті, алайда маятниктің тербеліп тұратыны белгілі жәйт.

– Дейтұрғанмен, Тоқаевтың Еуропа арқылы ескі кландармен күресуге мүмкіндігі бар емес пе? Мен адам құқықтарын бұзғаны үшін салынатын ЕО-ның санкциялары, Еуропалық «Магницкий актісі»  жайлы айтып отырмын. Мұндай процесс қазір қалайша көрініс тауып отыр және оны Қазақстан мен Орталық Азияның ескі элиталарына қаншалықты қолдануға болады?

Әрине, лоббизмнің жүріп жатқаны белгілі және мұндай үрдістер ресейлік олигархтардан бірте-бірте өзгелерге ауыса бастайтын болады. Алайда Еуроодақтың Орталық Азия кеңістігі мен Қазақстанды толық танып білмеуі, мұндай жағдайды бәсеңдететін жалғыз нәрсе саналады. Бірақ еуропалықтарды оқытатын, яғни ағартушылық әрекеттерімен айналысатын белгілі бір органдар немесе адамдар болатын болса, бұл процесс алға жылжуы әбден мүмкін. Еуропалық Одақ өте бюрократияшыл құрылым және өзгерістердің барлығы өте баяу жүреді. Ал мұндай тақырыпты күн тәрбіне шығарып, көтеру үшін екі жақтан да лоббистердің қажет екені белгілі.

Карлыгаш Еженова




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.