Екібастұздағы 28 үйде жылу жоқ – Үкімет - Exclusive
Поддержать

Екібастұздағы 28 үйде жылу жоқ – Үкімет

Үкімет Екібастұздағы жағдай бойынша ақпарат берді. Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, президенттің тапсырмасы бойынша ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды бақылау үшін Екібастұзда болады.

Жұмысты үйлестіріп, шұғыл шешімдер қабылдау үшін бірінші вице-премьер тұрақты түрде арнайы штаб отырыстарын өткізеді.

– Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 50-ден астам техника тартылды. 36 бригада (261 адам) жұмыс істеп жатыр. 3 желтоқсандағы сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 76 үйдің 48-інде жұмыс аяқталды, тағы 28 үй бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар қала тұрғындары үшін бұрынғыша 14 жылыту пункті жұмыс істеп тұр, – деп жазылған хабарламада.

Қалпына келтіру жұмыстарының барысы – Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында. Сондай-ақ Роман Скляр ТЖ зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады.

Фото: Ukimet

https://t.me/kzexclusive
https://t.me/kzexclusivehttps://t.me/kzexclusive




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.