Екібастұздағы ЖЭО учаскесінің басшысы неден қаза тапқаны айтылды - Exclusive
Поддержать

Екібастұздағы ЖЭО учаскесінің басшысы неден қаза тапқаны айтылды

Екібастұзда жергілікті ЖЭО учаскесінің бастығы өлі күйінде табылды.

– 4 желтоқсанда «Екібастұзтеплоэнергосына» полиция басқармасынан гараждардың бірінен Екібастұз ЖЭО қызметкерінің денесі табылғаны туралы қоңырау түскен. Деректерді тексеру кезінде бұл шынымен ЖЭО қызметкері екендігі анықталды, – деп хабарлады энергетикалық компанияның баспасөз қызметі.

Ол әйелімен болған жанжалдан соң гаражға кетіп қалып, көлігін оталдырған. Кейін машинада ұйықтап қалып, автомобильден шыққан газдан уланған болуы мүмкін. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, тексеру жүрігізіліп жатыр. Алайда, туыстары бұл фактіні жоққа шығарады.

33 жастағы ер адамның артында ата-анасы, әжесі, жұбайы және үш жасар қызы қалды.

– Олар тату өмір сүрді. Мұндай ештеңе болған жоқ. Не болғанын тергеу көрсетеді, – деді Сергейдің анасы Валентина Николаевна.

Фото: ашық дереккөз

https://t.me/kzexclusive




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.