«Екіжүзділік пе, тексіздік пе?»: Бекболат Тілеухан Заитовқа ренішін білдірді - Exclusive
Поддержать

«Екіжүзділік пе, тексіздік пе?»: Бекболат Тілеухан Заитовқа ренішін білдірді

Айтыскер ақын Ринат Заитов сұхбат беру барысында экс-депутат Бекболат Тілеуханға қатысты пікір білдіріп, оның қанды қаңтар оқиғасы біле тұра, елден кетіп қалғанын айтқан еді. Бұл үшін ағасына қатты ренжігенін айтқан.

Бекболат Тілеухан әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялап, Ринат бауырына ренішін айтты. Экс-депутаттың пікірінше, ақынның сұхбатта айтқандары жала.

– Кешегі Ринаттың сұхбаты осы әңгімені айтуға мәжбүр қылып отыр. Қазақ «өкпеге қиса да, өлімге қимайды» дейтін. Ринат бауырым өлімге қиды. «Қаңтар оқиғасын білді, біліп тұрып айтпады» деген сұмдық жала жапты. Қазір көңілі толмаған нәрсеге айғайлап шыққан адамның танымал болатын заман ғой. Мен мәжбүрлі түрде Ринат екеуміздің арамыздың қандай екенін көрсететін бірнәрсе тыңдатайын, – деді Тілеухан.

Бекболат Тілеухан қосқан аудиожазбада Ринат Заитов оның жағдайын сұрап, ақылдасатын шаруа бар екенін айтады. Сондай-ақ, қазақтардың ауызбіршілігі кеткенін сөз етеді.

– Бір нәрсені біл. Ахмет, Әлихан, Міржақыптарды сатқан қасында жүрген қазақтар. Бірақ сол оқ кейін өздеріне тиді. Сендер маған жабысыңдар. Менің көзімді құртуға тырыссаңдар, сол өздеріңе келеді. Тарихтың заңдылығы солай. Ағалап тұрсың, жаман ініңмін деп тұрсың, мойындаймын деп тұрсың. Істеген шаруаң мынау. Бұл екіжүзділік пе, тексіздік пе? Қазақты қазаққа айдап салған жаман екенін біліп түрып, осылай сұхбат бересің. Осыншама танымалдықтың құлы болуға бола ма? Басында халқың үшін жаның ауырып айтқан шығарсың, кейін бұл сенің малтабарыңа айналды. Бауырларым қойыңдар. Мен саясаттан кеттім. Мен әлемдік этноспорт конфедерациясында қазақ деген ұлттың атынан жұмыс істеп жүрмін. Ағайын ақылға келіңіздер! – деді Бекболат Тілеухан.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.