«Елбасы ренжімейді»: Елорда атауын ауыстыру туралы пікірлер қандай? - Exclusive
Поддержать

«Елбасы ренжімейді»: Елорда атауын ауыстыру туралы пікірлер қандай?

Нұр-Сұлтан қаласында елорданы қайта Астана деп атау мәселесі бойынша көпшілік тыңдаулар өтті.

– Астанаға Астана атауы қайтарылуы тиіс. Бұл ретте біз тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін ұмытпауымыз керек, – деді Ұлттық Құрылтай мүшесі Кәрімбек Құрманалиев.

Тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған да елорданың атауын ауыстыру бастамасын қолдайтынын айтты.

– Біз тұңғыш президентке ризамыз, бірақ елорданың атауы асығыс шешім болған шығар. ономастикалық комиссия біздің ұсынысымызды егжей-тегжейлі қарап, оның талаптарға сай келетінін және ең бастысы қоғамды біріктіруге мүмкіндік беретінін есептеді. Себебі біз бөліністі байқаймыз. Нұрсұлтан Әбішұлы да түсінеді және ренжімейді деп ойлаймын, – деді Аяған.

Елорда мәслихатының хатшысы Ерлан Қаналимов Астана атауын өзгерткені үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрауға дайын екенін мәлімдеді.

– Қазір біз тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге және қалаға бұрынғы атауын қайтаруға дайынбыз. Егер біз бүгін осы шешімді қабылдайтын болсақ, менің ойымша, бұл кешіріммен тең. Егер бөлек кешірім қажет болса, біз кешірім сұрауға дайынбыз. Алайда, егер шешім қабылданса, мұндай қажеттілік туындамайды деп ойлаймын, – деді ол.

Сондай-ақ, ол 2019 жылы елорданың атауын өзгерту үшін қала бюджетінен 30 млн теңгеге жұмсалғанын айтты. Қаналимовтың айтуынша, ескі атауды қайтару цифрлық құжат айналымының арқасында арзанға түседі.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.