Елтаңба авторы Мәлібеков «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атанды - Exclusive
Поддержать

Елтаңба авторы Мәлібеков «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атанды

Жандарбек Мәлібеков пен Болатбек Баймахановқа «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. Марапаттау Конституция күні қарсаңында өтті.

Биыл Қазақстанның Ата Заңына 27 жыл толды. 28 тамыз күні Қызылорда қаласында Н. Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті.

Мерекелік жиында 80 жасқа толған мемлекеттік Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековке «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағы берілді. 2022 жылы Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толады.

Қоғам қайраткері, білікті дәрігер Болатбек Баймахановқа да «Қызылорда облысының құрметті азаматы» берді. 8000 операция жасаған Баймаханов 60 жасқа толды.

– Халықтың құрметін көруден артық бақыт жоқ. Біз елімізге адал қызмет етуіміз керек. Менің байқағаным, Қызылорда жаңа заман талабына сай қарқынды дамып келеді. Мұның бәрі туған жерге қызмет ететін азаматтардың еңбегі. Туған жеріміз гүлдене берсін, – деді Жандарбек Мәлібеков.

Облыс әкімі тұрғындарды Конституция күнімен құттықтап, ізгі тілегін айтты.

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.