Мәжілістің тағы бір депутаты өкілеттігін тоқтатады
Поддержать

Мәжілістің тағы бір депутаты өкілеттігін тоқтатады

2022 жылғы 12 наурызда Нұрлан Әбдіровтың төрағалығымен бейнеконференция байланысы режимінде Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Отырысқа ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров, сондай-ақ ОСК мүшелері Сәбила Мұстафина мен Шавхат Өтемісов қатысты.

— Отырыста ОСК мүшелері: «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Владимир Имтахунович Тохтасуновтың өкілеттігін тоқтатуға қатысты негіздің пайда болуы туралы» қаулы қабылдады. Конституцияның 52 — бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабының 3 және 8-тармақтарына сәйкес ОСК арыз берілуіне байланысты Парламент Мәжілісінің депутаты Тоқтасынов өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтауын қаулы жариялады, — делінген хабарламада.

Депутат Тоқтасыновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс Қазақстан Парламентінің Мәжілісіне енгізілді.

Еске салайық, бұған дейін Мәжілістің екі депутаты Файзолла Каменов пен Сергей Решетников мерзімінен бұрын өкілеттігін тоқтатқан болатын.

Фото: inform.kz




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *