Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру өтпейді
Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру өткізу жоспарланбаған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
— 2022 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери шеру өткізу жоспарланбайды, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар қорғаныс ведомствосы жоспарланған әскери-патриоттық іс-шаралар туралы мәлімдеді. Министрлік еліміздің барлық өңірлерінде барлығы 50-ге жуық түрлі іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.
Еске сала кетейік, өткен жылы еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери шеру өткізуден бас тартқан болатын.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет