Қазақстанда жаңа партиялар пайда болуы мүмкін
Поддержать

Қазақстанда жаңа партиялар пайда болуы мүмкін

Қазақстанда жаңа 4 партия пайда болуы мүмкін. Төрт саяси партияның құжаттарын Әділет министрлігі қарайды.

Саяси бірлестіктер: El Tiregi, «Халық Дербестігі», Namys және «Бәйтерек».

«Халық Дербестігі» партиясы тіркелудің екінші кезеңіне өтті. Қазір заң бойынша партия өзінің 20 мың кандидатының тізімін ұсынуы тиіс. Қазір олардың тіркеу мерзімі заң бойынша тоқтатылды, партия мүшелерінің заңға сәйкестігін тексеру жүріп жатыр, – деп хабарлады Қанат Мусин орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Тіркелмеген партиялардың көшбасшылары: El Tiregi — Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев,
Namys — саясаттанушы және кәсіпкер Санжар Боқаев.

2019 жылдан бастап Әділет министрлігіне партия құру ниеті туралы 10 бастамашыл топтан хабарлама келіп түскен, олардың үшеуі ғана бірінші кезеңнен өтті.

— Екі партия растауды алғаннан кейін, алты ай бойы жұмыс істейді, партияны құру бойынша одан әрі жұмыс жүргізбеді және тіркеуге құжаттар ұсынылмады, – деді Әділет министрі.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *