Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары «бұрынғы премьер-министр Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс қозғала ма?» деген сұраққа жауап берді.
— Асқар Маминге қатысты айтар болсам: қазір бұл адамға қатысты қылмыстық іс жоқ. Қазіргі уақытта агенттікте ешқандай іс қозғалмады, — деді Сарқұлов ОКҚ брифингінде журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Айта кетейік, Асқар Мамин премьер-министр қызметінен 2022 жылдың қаңтарында кетті.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет