Ресейлік журналист, актер Тигран Кеосаян тағы да Қазақстанның басшылығы мен халқына «украиндық сценарий» туралы ескерту жасады. Кеосаян бұл тақырыпқа қатысты 45 минуттық бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Orda. kz.
Кеосаянның алғашқы мәлімдемесіне Қазақстан халқы наразылық білдіріп, ресейлік журналиске қатысты СІМ елге кіргізбеу туралы шешім қабылдаған еді. Бұл жолы актер қоғамдық дау тудырған мәлімдемесін билік өкілдеріне арнағанын жеткізді. Оның айтуынша, «жаман халық жоқ, жаман элита бар».
– Әлемде тәуелсіз үш мемлекет бар. Олар: Қытай, Ресей, АҚШ. 1991 жылдан кейін тәуелсіздік алғандар БҰҰ-ның логикасы. Сіздер Украинамен бірге русофобияға жол бердіңіздер. Ресей 24 ақпаннан бастап, өзіндік қызығушылықтарын қорғауға кірісті. Қаңтар айында ҰҚШҰ қазақстандқтарды құтқарды, – деді ол.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев ел басқарған уақытта президент Қазақстандағы ресейліктерді азайтуға тырысқанын айтты.
– Нұрсұлтан Назарбаевтың кезінде Қазақстандағы ресейліктердің саны екі есеге азайған. Назарбаев қандастарын елге қайтару арқылы, Қазақстандағы орыс халқының санын азайтуға кірісті, – деді Тигран Кеосаян.
Комментариев пока нет