Қайрат Сатыбалдыұлы Дубайға ұшпақ болған сәтінде ұсталған еді. Ұшақ бортынан шамамен 1,5 миллиард доллар табылған. Бұл туралы abzhannews телеграм-арнасы хабарлады.
— Дереккөздің хабарлауынша, Қайрат Сатыбалды ұсталған кезде Дубайға ұшқысы келген ұшақтың бортынан шамамен 1,5 млрд доллар табылды, — делінген хабарламада.
Еске салайық, демқорлыққа қарсы агенттік Қайрат Сатыбалдыұлын 13 наурызда шетелге ұшпақ болған жерінен ұстаған еді.
51 жастағы Қайрат Сатыбалдыұлы — Назарбаевтың туған інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. 2018 жылы қазақстандық Forbes журналы оны елдегі ең бай елу бизнесмен тізіміне енгізген.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет