- Exclusive
Поддержать

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов тағы да қызметінен шеттетілді. Бұл туралы өңірдің экономикалық тергеу департаменті хабарлады.

Биыл Ниязов лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айыппен екі айға қамауға алынған. Кейін үй қамағында болды.

inAktau.kz мәліметінше, 24 мамыр күні облыстың баспасөз қызметі Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары лауазымдық міндеттерін орындауға кіріскенін хабарлады. Алайда, келесі күні Ниязов соттың қаулысы бойынша қызметінен уақытша шеттетілген.

– Қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылуына байланысты уақытша шеттетілді. 2022 жылғы 27 Мамырда соттың осы қаулысы заңды күшіне енді. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмеген, — делінген Маңғыстау облысының экономикалық тергеу департаментінің хабарламасында.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.