Халықтың әкімдерге деген сенімі барынша төмен - Exclusive
Поддержать

Халықтың әкімдерге деген сенімі барынша төмен

Үшінші тоқсанда барлық мемлекеттік органдардың рейтингісі анағұрлым нығая түскенін  бұған дейін жазған болатынбыз,  алайда жалпы трендтердің сақталғаны байқалып отыр. «Qalam» қоры жүргізген кезекті социологиялық  сауалнаманың нәтижелері осындай.

Азаматтардың толық сеніміне рейтинг жасайтын болсақ, онда аталған рейтингтің құрылымы былайша көрінетін болады:
– Президент (32%),
– Ұлттық Банк (19%),
– Үкімет (18%),
– Парламент (17%),
– Әкімдіктер (16%)

Осылайша, әкімдіктер барлық мемлекеттік органдар арасындағы сенім деңгейі бойынша аутсайдер болып қала береді.

2022 жылдың қыркүйегінде халықтың 37%-ы әкімдер институтына сенім арта бастады, бұл алдыңғы рейтинг легіне қарағанда 6%-ға жоғары. Әкімдіктерге деген толық сенімділік 16%-ды құрап отыр, бұл көрсеткіш те алдыңғы рейтингпен салыстырғанда 6 тармаққа артып отыр. Тұрғындардың 31%-ы әкімдіктерге сенбейді, бұл ретте толық сенімсіздік деңгейі 14%-ды құрайды. Маусым айынан бастап бұл екі көрсеткіш те төмендей түсті. Осы уақыт ішінде әкімдіктердің сенім рейтингісі сайып келгенде, сенімсіздік рейтингінен асып жығылды.

Жоғары рейтинг Астана қаласының (Нұр-Сұлтан) (70%), Қызылорда облысының (68%), Ақмола облысының (65%) және Батыс Қазақстан облысының (63%), Жетісу облысының (67%) әкімдіктерінде қалыптасып отыр. Ұлытау облысының көрсеткіштері де айтарлықтай жоғары (46%). Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өз позициясын 21%-дан 38%-ға дейін нығайта түсті, мұндай үрдіс халықтың ең көп наразылық білдірген бөлігі бүгінде жаңадан құрылған Абай облысының аумағының құрамында қалуымен байланысты болса керек.

Маңғыстау (1%), Алматы (4%) және Қостанай (6%) облыстарының әкімдерінің рейтингісі төмен. Бейтараптылыққ танытқандардың басым бөлігі Қостанай облысына тиесілі – 84%-ды құрап отыр,  тұрғындардың 6%-ы әкімге және оның командасына сенбейді. Қостанай облысында әкімнің жұмысына мүлдем сенбейтін азаматтар жоқтың қасы. Жоғары орташа баллға қарағанда, бейтарап көзқарасты ұстанатындардың арасында облыс әкімінің жұмысына оң баға беретін адамдар көптеп саналады.

Алматы әкімінің рейтингісі (4%) төмен күйде қалып отыр. Бұл ретте сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі  (55%) әкімдіктерге сенімсіздік танытты.

Мән-жайды барынша нақты ұғыну үшін төменде өңірлік маңызы бар қалалар мен облыс әкімдерінің жалпы рейтингісін ұсынып отырмыз. Пайызға шаққандағы рейтинг «4» және «5» бағалары негізінде есептелді. Орташа балл барлық бағалардан алынған, яғни респонденттер қойған теріс және оң саналатын өлшемдер бойынша орташа мән  негізінде есептелді.

Төменде берілген кестеде 4 рейтинг көрсетілген:

– ағымдағы, яғни 2022 жылдың маусым айының рейтингісі (респонденттердің жауаптары бойынша),

– ағымдағы, яғни 2022 жылдың қыркүйек айының рейтингісі (респонденттердің жауаптары бойынша),

– 2022 жылдың маусым айындағы орташа бағалау рейтингісі (теріс және оң бағалардың орташа мәні).

– 2022 жылдың қыркүйек айындағы орташа бағалау  рейтингісі (теріс және оң бағалардың орташа мәні).

ОблысӘкімнің Т.А.Ә.2022 ж. маусым айындағы рейтинг, %2022 ж. қыркүйек айындағы рейтинг, %Орташа рейтинг, маусымОрташа рейтинг, қыркүйек
Астана қ.  (Нұр-Сұлтан)Алтай КӨЛГІНОВ26%70%2,903,85
Қызылорда облысыНұрлыбек НӘЛІБАЕВ67%68%3,833,92
 Жетiсу облысыБейбіт ИСАБАЕВ67%3,77
Ақмола облысыЕрмек МАРЖЫҚПАЕВ62%65%3,803,85
Батыс Қазақстан облысыҒали ЕСҚАЛИЕВ68%63%3,593,58
Ұлытау облысыБерік Әбдіғалиұлы46%3,52
Павлодар облысыӘбілқайыр  ЫСҚАҚОВ49%43%3,333,12
Жамбыл облысыНұржан НҰРЖІГІТОВ22%41%2,463,24
Алматы облысыМарат СҰЛТАНҒАЗИЕВ28%40%2,802,85
Атырау облысыСерік ШАПКЕНОВ18%39%2,303,09
Шығыс Қазақстан облысыДаниал АХМЕТОВ21%38%2,203,25
Түркістан облысыДархан САТЫБАЛДЫ21%37%2,563,00
Ақтөбе облысыОңдасын ОРАЗАЛИН34%36%2,752,92
Солтүстік Қазақстан облысыҚұмар АҚСАҚАЛОВ72%35%4,003,20
Қарағанды облысыЖеңіс ҚАСЫМБЕК35%35%2,602,97
Шымкент қ.Мұрат АЙТЕНОВ20%35%2,532,94
Маңғыстау облысыНұрлан НОҒАЕВ18%18%2,422,35
Абай облысыНұрлан ҰРАНХАЕВ— 18%2,19
Алматы қ.Ерболат ДОСАЕВ20%14%2,232,29
Қостанай облысыАрхимед МҰХАМБЕТОВ19%10%2,933,09

Қызылорда облысында (Н. Нәлібаев), Ермек Маржықпаев (Ақмола), Ғали Есқалиев (БҚО) көшбасшы ретінде позицияларын нығайтуды жалғастыруда.

Су жаңа екі облыстың әкімі Бейбіт Исабаев (Жетісу облысы) пен Берік Әбдіғалиұлы (Ұлытау) мықты позицияны ұстанып, көшбасшылар тізімінің басында тұр.   

ОблысМүлдем сенбейдіСенбейтін тәріздіБейтарапСенетін тәріздіТолық сенедіБарлығы «4» және «5»
Астана қ.  (Нұр-Сұлтан)51411313970
Қызылорда облысы41116244468
Жетiсу облысы21021432467
Ақмола облысы0629402565
Батыс Қазақстан облысы52012382563
Ұлытау облысы11537222546
Павлодар облысы132025281543
Жамбыл облысы13937231841
Алматы облысы252115261340
Атырау облысы121732281139
Шығыс Қазақстан облысы131435112738
Түркістан облысы171730231437
Ақтөбе облысы191826251236
Қарағанды облысы171928211535
Солтүстік Қазақстан облысы02540241135
Шымкент қ.172128211335
Абай облысы46191751318
Маңғыстау облысы28262816118
Алматы қ.2734259414
Қостанай облысы06844610

Ұлттық Банк

Ұлттық банктің ұстанымдары нығая түсуде, осылайша халықтың 41%-ы аталған құрылымға сеніммен қарайды, тұрғындардың 27%-ы аталған құрылымға сенімсіздік танытып отыр. Сауалнамаға қатысқандардың 19%-ы Ұлттық банкке толық сенім артса, 13%-ы толық сенімсіздік танытқан.

Сенім деңгейі артып келеді,  демек, Ұлттық банк осы уақыт ішінде қазақстандықтардың көз алдында өз ұстанымын нығайта алды деген сөз. Ұлттық банкке көбіне-көп Шығыс Қазақстан облысы– 48%, Ақмола облысы– 41% және Қызылорда облысы– 39% сенім артады. Ең төменгі сенім деңгейі Маңғыстау облысында – 1%, Қостанай облысында – 4%, Алматы қаласында – 6%,  қалыптасып отыр.

Жалпы, өткен тоқсанда барлық билік институттарына деген сенім шкаласының өскені байқалады, мұны нық сеніммен айтуға әбден болады.  Қазіргі уақытта сенімділік  деңгейі 37%-дан төмен түскен жоқ. Кейбір облыстарда қоғамның «буферлік» бейтарап қабаты әлі де әрекет етуде, мұндай тенденция сенімді нығайтуға және сан жағынан артып келе жатқан толық сенім білдірушілердің қатарын толықтыруға септігін тигізетін болады.

Сауалнамаға Қазақстан бойынша 17 облыстан, сондай-ақ өңірлік маңызы бар 3 қаладан: Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан 2500 адам қатысқан болатын. Сауалнама бетпе-бет сұхбату (face to face) әдісі арқылы жүргізілді.

Таңдамалы жиынтыққа сүйене отырып:
–62% қала және 39% ауыл тұрғынынан;
–18 бен 94 жас аралығындағы ерлердің 47%-нан және әйелдердің 53%-нан;
–қазақтардың 65%-нан, орыстардың 24%-нан, сондай-ақ өзге ұлт өкілдерінің 12%-нан сауалнама алынды.

Қызмет түрі бойынша респонденттердің 27%-ы жеке секторда жұмыс істейтіндер, 26%-ы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 18%-ы мемлекеттік қызметшілер, 13%-ы зейнеткер, 8%-ы студенттер, 8%-ын жоғарыда аталмаған басқа салаларда жұмыспен қамтылғандар құрайды. Үй шаруашылығындағы респонденттердің табыс деңгейі былайша бөлінді: 40%-ның отбасының бір мүшесіне шаққанда 50-ден 100 мың теңгеге дейін, 38%- ның 100-ден 150 мың теңгеге дейін, 15%-ның 150 мыңнан және одан да жоғары табыс көзі бар. Сауалнамаға қатысқан адамдардың 7%-ы кірістерін атаудан бас тартты.

Сауалнамаға қатысқандардың білім деңгейі: басым бөлігі жоғары (49%) және толық емес жоғары (9%) білімге ие, сауалнама жүргізілгендердің 27%-ы арнайы орта білім алған. Респонденттердің 2%-ның ғылыми дәрежесі, қалған 13%-ның орта білімі бар.

Жақын арада қазақстандықтардың қандай елдермен достық қатынасты ұстануға дайын екендігінен хабардар боласыздар.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.