Композитор Арман Дүйсеновтың неден қайтыс болғаны айтылды - Exclusive
Поддержать

Композитор Арман Дүйсеновтың неден қайтыс болғаны айтылды

Қазақстанның белгілі композиторы Арман Дүйсенов қайтыс болды. Таңертең композитордың жүрегі тоқтап, көз жұмған. Арман Дүйсеновтың жары Айсұлу Дүйсенова күйеуінің неден қайтыс болғанын айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Дүйсенова соңғы уақытта жұбайының жүрегі ауырып жүргенін айтты. Бірақ ешқандай шағым айтпаған.

– Өмірден өтетіндей ешбір белгі болмады, ол да еш шағым айтқан емес. Өмірінің санаулы сағаты қалғаны еш байқалмады, – деді композитордың жұбайы.

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов қайғылы қазаға көңіл айтты.

Арман Дүйсенов 1974 жылы 4 мамырда Орал қаласында дүниеге келген. Ол – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, продюсер, тележүргізуші, бірнеше әннің авторы.

Фото: insragram: indiraelemes

https://t.me/kzexclusive




3 Комментариев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.