Назарбаевтың бұрынғы құдасы Боранбаев 8 жылға сотталуы мүмкін - Exclusive
Поддержать

Назарбаевтың бұрынғы құдасы Боранбаев 8 жылға сотталуы мүмкін

Бүгін елордада Қайрат Боранбаев, Роман Наханов және Тайыр Жанұзақтың соты өтті. Прокурор олигарх Боранбаевты 8 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді сұрады, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Қайрат Боранбаев «QazaqGaz» ұлттық компаниясының газын сату кезінде 14, 5 миллиард теңге қаржы жымқырды деген айып арқалады.

– Прокурор Қайрат Боранбаевты сегіз жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді сұрады. «Азия Газчунджа» бас директоры Роман Наханов пен QazaqGaz Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзаққа да сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Қайрат Боранбаев кінәні мойындамайтынын мәлімдеді.

Фото: Азаттық




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.