Орталық Азия күрес орнына айналады – Лукашенко - Exclusive
Поддержать

Орталық Азия күрес орнына айналады – Лукашенко

Беларусь президенті Александр Лукашенко таяу уақытта Орталық Азияда АҚШ пен Еуроодақтың, екінші жағынан Қытайдың үстемдігі үшін күрес болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Ол тәуелсіздік күніне орай Минскіде өткен салтанатты жиында осындай пікір білдірді.

Жылдың басында Лукашенко Қазақстандағы қаңтар оқиғасына түсінік бере отырып, арандатудың келесі нүктесі Өзбекстан болуы мүмкін деп болжаған.

– Біз өзбектерге көптеген фактілер келтірдік, олар тіпті маған ренжіді. Кеше не болды? Қарақалпақстан Республикасы, Өзбекстанның жартысына жуығы конституциядағы өзгерістер үшін көтеріліс жасады. Өзбекстан шайқала бастады. Бүгін бұл жағдайға шетелдіктер араласқаны айтылды, – деді Беларусь басшысы.

Александр Лукашенко Беларусьті мысалға келтіріп, Орталық Азия екі оттың ортасында қалғанын айтты.

– Орталық Азия, біз сияқты, Екі оттың арасында қалды: бір жағынан еуропалықтар мен американдықтар, ал екінші жағынан Орталық Азияға көмектесетін Қытай. Бұл қақтығыс таяу уақытта Орталық Азияда өтеді. Мұның белгілері байқалды, – деді Лукашенко.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.