Орыс боламын десең, әуелі қазақ бол - Exclusive
Поддержать

Орыс боламын десең, әуелі қазақ бол

Қазақстандық ғалымдар ХХ ғасырдың бірінші жартысында қолдан жасалған ашаршылық нәубетіне баға беру, оның қоғамдағы орны, маңызы мен көлеміне қатысты посткеңестік кеңістіктегі елдердің тарихын кеңессіздендіруді, яғни кеңестендіру үрдістерден арылтуды ұсынып отыр. Себебі қолдан жасалған мұндай ашаршылық салдарынан – кеңестік кезеңде қазақтардың этникалық құрамдас бөлігі іс жүзінде толық жойылу алдында тұрған еді.

Пролетариаттың қатерлі диктатурасы

ХХ ғасырда Кеңес Одағының, атап айтқанда 1921-23, 1932-33, сондай-ақ соғыстан кейінгі кезеңде, яғни 1946-47 жылдары – бірнеше ашаршылықты басынан өткергені белгілі. Алғашқы ашаршылықтың (1921-1923) зардаптары тарихнамада әлі күнге шейін тиісті бағасын алған жоқ, демек, мұндай жағдай қалың жұртшылыққа ұсынылмады деген сөз.

– Өткен ғасырдың 20-шы жылдарының басындағы ашаршылықтан қанша адам қаза тапты деген сұрақ ашық күйінде қалып отыр, себебі ол уақытта барлық өлім – жітім тіркеуге алынбады, ал құжаттардың бір бөлігі мұрағат қорларынан алынып тасталған,- дейді қазақстандық тарихшы Салтанат Асанова. – Ал Қазақстанға келетін болсақ, тарихи-демографиялық зерттеулерге сәйкес – ҚазАССР халқының 60%-нан 93%-на дейін немесе 1 миллионнан астам адам ашаршылық құрбанына айналған. Мұнымен қоса отандық зерттеушілердің пікірінше 20-шы жылдардағы ашаршылық – өзінің ауқымы мен құрбан болған адамдардың саны жағынан алғанда, этникалық сипатта болған 30-шы жылдардағы аштықтан айтарлықтай төмен болған көрінеді.

– 1932-33 жылдардағы ашаршылық қазақтардың тұрмыс-тіршілігі мен седентаризацияға,  яғни – мәжбүрлі отырықшылыққа ұшыраған ел тұрғындарына тікелей қатысты болды, сондықтан бұл екі ашаршылықты салыстыру қиын», — деп есептейді Салтанат Асанова. Алайда, мұндай процестің іргетасы 20 жылдары қаланғаны белгілі. Сол жылдары орын алған ашаршылық – билік «пролетариат диктатурасына» қарсы шыққандармен осылай әрекет ететін болады деген қағидаға негізделіп,  дабыл ретінде қабылданған-ды.

Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұйымдастыруымен жақында өткен ғылыми-теориялық конференцияға қатысқан түрлі елдердің тарихшыларының пікірінше, Кеңес дәуіріндегі ашаршылық адамзат тарихында ерекше орын алады. РҒА СБ (Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесі) тарих институтының директоры (Новосибирск) Вадим Рынков ашаршылық кез-келген қоғам өмірінің ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Ол үнемі қайталанып отырады, алайда ғасырлар бойы онымен күресудің өзіндік тетіктері болған дейді аталмыш институт директоры. Бірақ жас Кеңес Республикасының бүкіл аймақтарын шарпыған 20-шы жылдардағы ашаршылық, онымен дәстүрлі әдістер арқылы күресудің мүмкін болмайтынын көрсетіп берді. Мұндай әдіс-тәсілдер ендігі жерде өміршең болмады, өйткені билік алдарына мүлдем басқа мақсаттар қойған-ды. 1921 жылы Берлинде пролетариат жазушысы Максим Горькийден Ресейдегі ашаршылық туралы сұрағанда: «Менің ойымша, 35 миллион ашқұрсақ жанның көпшілігі қырылып тынады»,- деп мәлімдеген. Бұл трагедияда «революция дауылпазы» оң құбылыстың бар екенін көрсетіп берді: «Орыс ауылдары мен деревняларының жартылай жабайы, ақымақ, бейбастақ адамдары қырылады… және олардың орнына жаңа ру келеді – олар сауатты, парасатты, қайратты адамдар».

Бас имейтін украиндықтар

Украин тарихшысы Владислав Грибовский украиндық, қазақстандық және басқа да материалдарды салыстыру 1921-23 және одан кейінгі жылдардағы жаппай ашаршылық сияқты біздің елдеріміз бен халықтарымыз үшін осындай келеңсіз құбылыстың неден туындағанын түсіну үшін панорамалық көзқарас беруі керек деп санайды.

– 1921-23, 1932-33 жылдары Кеңес Одағының жекелеген республикаларына, сондай-ақ соғыстан кейінгі 1946-47 жылдардағы  жаппай ашаршылықты зерттеу соңғы онжылдықтарда айтарлықтай жетістіктерге жетті»,- дейді ол. – Алайда, тарихнаманың сандық жағынан қарқынды өсуіне және осы қорқынышты құбылыстың ауқымын түсінуге қарамастан, ол жүйелі білім деңгейіне әлі жеткен жоқ.

Ғалымның пікірінше, бұл посткеңестік мемлекеттердегі тарихи саясаттың түрлі бағыттарымен байланысты болатын құбылыс.

– Сондай-ақ, КСРО-дағы, соның ішінде Украинадағы, Кубандағы, Дондағы, Поволжьедегі және Қазақстандағы жаппай ашаршылықтың панорамалық көрінісін құруға кедергі келтіретін таза ғылыми-әдістемелік сипаттағы факторларды атап өткен жөн,- дейді Владислав Грибовский. – Мәселе бізде аумақтық қамтудың біркелкі еместігі, зерттеулерде салыстырмалы-тарихи әдістің жеткіліксіз пайдаланылуы, сонымен қатар бұдан басқа да көптеген тезистер тексеруді талап етеді. Мәселен, 1921-23 жылдардағы ашаршылық кейбір аудандарда ерте тоқтаса, ал Украинадағы апат ошағына айналған Никополь облысында 1925 жылға дейін жалғасты.

Ашаршылықтың басталуы 1921 жылдың күзімен тығыз байланысты. Бұл бұрын жүргізілген әскери коммунизм саясатының, содан кейін сол жылдың көктемінде енгізілген шаруа қожалықтары үшін өте ауыр азық-түлік салығының салдарынан болды. Сонымен қатар қатты құрғақшылық сияқты табиғи апаттармен сәйкес келді. Украин тарихшысының айтуына қарағанда, оны жаппай ашаршылыққа әкелген басқа себептерден ажырату өте қиын,  дегенмен Владислав Грибовский тағы бірнеше жағдайды ескеру қажет деп санайды.

–Негізі, XVIII ғасырдың аяғынан бастап ХХ ғасырдың басына дейін Никополь облысының тұрғындары ешқашан мұндай жағдайды бастан өткермеген», — дейді ғалым. Яғни, шегірткелердің шабуылымен немесе қатты құрғақшылықпен байланысты аштық жылдары болды, бірақ кеңестік кезеңдегідей аштықтың ауқымы ешқашан болған емес. Бұл аймақтың ерекшелігі – мәселе Каховка су қоймасының солтүстік жағалауында орналасқан қазіргі Днепропетровск облысы туралы болып отыр. 1954 жылға дейін балық ресурстарына ең бай аймақтардың бірі болды. Тіпті азық-түлік тапшылығы жағдайында да халық әрқашан балықпен қоректенетін-ді. Бірақ неге екені белгісіз сол жылдары (1921-23) бұлай болмады. Сондай-ақ, бұл аймақтың ерекшелігі, халық марганец кеніштерін игерумен байланысты өте қарқынды индустрияландыруға белсенді түрде қатыса бастады, сөйтіп бұрынғы шаруалар жұмысшыға айналды. Бірақ 1918-20 жылдары өлкені өздерінің қол астына біріктіруге үш рет әрекет жасаған большевиктер  жұмысшылар арасында бекініске айналған басқа өнеркәсіптік нысандардағыдай (мәселен, Брянск облысында) ешқашан басымдық ықпалына ие бола алмады. Сонымен, 1921 жылдың қысында құрғақшылық, азық-түлік реквизициясы, азық-түлік салығын көбейту және тұқымдық астықты азық-түлікке пайдалану сияқты құбылыстар орын алған кезде, Никополь облысында жаппай ашаршылық басталды. Осының барлығы жергілікті мерзімді басылымдарда көрініс тапты. 1921-23 және тіпті 1925 жылдардағы ашаршылықты, егер кеңірек алсақ, ақпараттық хабарлаудың ерекшелігі кеңестік баспасөздің іс жүзінде шектеуге түспегенін көрсетіп отыр.

– Яғни, мұндай ашаршылықтың 1932, 33, 46 және 47 жылдардағы аштықтан айырмашылығы, сол кезеңдегі ашаршылық үнсіз қалған жоқ,- деп жалғастырады украин тарихшысы. Алайда, бір ерекшелігі болды. Большевиктік партия баспасөзі губерния деңгейінде де, уездік және аудандық деңгейде де жергілікті билік органы бола отырып, ашаршылықтың ауқымын көрсетуде ұстамды болды. Баспасөзде статистикалық мәліметтер болған жоқ, бірақ көшелерден мәйіттерді шығару, санитарлық шараларды жүргізу қажеттігі туралы акт материалдары мен жергілікті атқарушы органдардың бұйрықтары, мәйіттерді жеу, тіпті адам жегіштікке қарсы күрес туралы материалдар да жария етілді.

Партиялық баспасөзде тіркелмегендердің бәрі кәсіподақ басылымдарында көрсетілді. Мәселен, «Транспорт» газеті Никопольде болып жатқан сұмдықтарды натуралистік бөлшектеріне дейін егжей-тегжейлі сипаттады. Мәселен, қылмыстық іздестіру бөлімі жергілікті кісі етін жегіштерді қудалауды ұйымдастырғаны атап өтілді. Айтуларынша, жергілікті шаруалар (Никополь бірнеше ауылдардың бірлестігінен құрылған, яғни іс жүзінде қала орталығы бар ауылдық аймақ болды) олардың арасында кісі етін жегіш отбасылар бар екенін біліп, тергеусіз сот ұйымдастырды деп айтылды. Кәсіподақ басылымдарында Никополь ауданы аумағындағы халықаралық ұйымдардың қызметін жан-жақты баяндады.

Владислав Грибовскийдің айтуынша, Никопольдегі ашаршылықты тек соғыстан кейінгі дағдарыс, қирау, құрғақшылық және өзге де жәйттермен түсіндіруге болмайды. Нестор Махноға, Симон Петлюрге және т.б. бағытталған украиндық көтеріліс қозғалысы бұл аймақта ұзақ уақыт бойы сақталды.

– Кеңес өкіметінің аталған аймақ халқына жасаған репрессиялық әрекеттері мемлекеттік көмектің бәріне бірдей берілмеуінен, халықаралық ұйымдардың барлық ауылдарға кіргізілмеуінен айқын көрінеді»,- дейді ғалым. – Яғни, белгілі бір іріктеу принципі болды: қай жерде халық көтеріліс қозғалысын ұзағырақ қолдаса, сол жерде көмек жасанды түрде кешіктіріліп берілді. Ал 1921 жылы ашаршылық құрбандарына көмек көрсету комитеті құрылған кезде аталмыш комитеттің төрағасы Кеңес үкіметінен көмек таптық принцип бойынша көрсетілетінін бірден мәлім етті. Ең әуелі – алғашқы колхоздарға, артельдерге және ұжымдық шаруашылықтың басқа да нысандарына біріккен кедей шаруалар немесе орта шаруаларға көмек берілетін болды. Алайда, көмек дер кезінде келмеді, инфрақұрылым бұзылды, оны басқарған большевиктер үлкен ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленбеді. Мынадай дерек тіркелді: ашаршылықтың шарықтау шегінде Никополь облысына Полтава губерниясынан азық-түлік тиелген 4 вагон келген кезде, олар жүк түсіру үшін 8 тәулікке жуық күткен. Бұл жерде, әрине, жай абайсыздықты көруге болады, бірақ репрессиялық әрекеттер де өте жақсы байқалады. Мәселен, қоғамдық асханаларға кәсіподақ мүшелері мен есепте тұрғандар ғана бас сұға алған, бір реттік көмек ала алатыны айтылды. Ашаршылық кезіндегі кемсітушіліктің мұндай түрі 1932-33 жылдардың өзінде айқын көріне бастады.

Жұт және ашаршылық

Егер Украинада 1921 жылға дейін табиғи апаттар тудырған ауқымды ашаршылық болмаса, онда Қазақстанда, керісінше, жұт шамамен 10-12 жылда бір рет болып отырған.

– Бірақ қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы қуаңшылықтың басталуымен малды құнарлы жерлерге көшіруді көздеді, — деп хабарлады Қазақстандағы ашаршылық сияқты құбылыстарды зерттеу жөніндегі белгілі маман, тарих ғылымдарының докторы Айжан Қапаева. – Содан кейін қазақтар өмір сүрген рулық жүйе малды жоғалтқаннан кейін кедейленген адамды ешқашан қиындықпен бетпе-бет жалғыз қалдырған емес. Алайда, Кеңес өкіметі орнағаннан кейін көшпелі жолдар бұзылды, қазақтар тұратын аумақтың қысқаруы орын алды, ал ашаршылықтың алғашқы белгілері білінген кезде халық басқа көшпелі жайылымдарға ауыса алмады, бұл аумақтар олар үшін жабық болды.

Оның айтуынша, патшалық Ресей де, пролетариат диктатурасы да қазақтың рулық жүйесінде күшті қауіп – қатерді көре білді  адамдар аштыққа қарсы ғана емес, сондай-ақ өзге де әрекеттерге бас қоса алатынын түсінді. Сондықтан билікке келген большевиктер жасаған ең бірінші дүниесі – рулық жүйесін жойып, әкімшілік-аумақтық бөліністер құра бастады. Осылайша, бір тұқымнан шыққан адамдар түрлі аумақтардан бір-ақ шықты. Бұл, қазақ тарихшыларының пікірінше, 20-шы, одан кейін 30-шы жылдардағы ашаршылықтың басты себебі болмаса да, сондай себептердің біріне айналды.

Қазақстан халқы (Украина сияқты) шаруаларға деген мұндай көзқарасқа қатты наразы болды. Барлық жерде көтерілістер басталып, мұндай ереуілдер туралы ұзақ уақыт үнсіз жатты, ешкім ләм демеді. Салтанат Асанова Қазақстан аумағындағы жағдайды егжей-тегжейлі сараптай отырып, тарихты кеңестендіру үрдісінен арылтуға шақырды. Алайда, оның ресейлік әріптесі, Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің (Новосибирск) тарих институтының директоры Вадим Рынков мәселенің осындай түсіндірмесімен келіспейді:

– 1991 жылы Кеңес Одағы тараған кезде бұрынғы Кеңес империясының көптеген республикаларында да осы жүйені бөлшектеу шаралары жүргізілді. Бірақ, менің ойымша, тарихқа қатысты бұл терминді әлі де қолдануға болмайды, өйткені мұндай термин анық емес – тарихты кеңестендірусіз ұғымының өзі түсініксіз. Біз сол кезеңдегі биліктің көптеген әрекеттерін және одан кейінгі кейбір әрекеттерді талқылайтын болсақ, шын мәнінде, кеңестендірусіз ұғымының туындайтыны болжанады. Тарихтың тұтас кезеңі? Бірақ күрделі қарым-қатынастар, әртүрлі процестер болды, сондықтан бұл жерде, меніңше, өткенімізді бағалауда әлі де мұқият болу керек және 70 жылдық тарихты толығымен жоюды білдіретін мұндай терминді қолданбау керек сияқты. Төңкеріске дейінгі тарихта осыған ұқсас оқиғаларды кездестірсек, сондай-ақ билік бір жерде халықтың бір бөлігіне зиян келтіретін қасақана әрекет жасады десек, оны қалай атауға болады? Империясыздандыру, орыссыздандыру? Тарихтың орасан зор кезеңін сөзсіз жоққа шығару мүмкін емес болғандықтан, біз, посткеңестік кеңістіктегі әртүрлі мемлекеттердің өкілдері, кеңестік өткен кезеңдерге қатысты басқа да терминологияны әзірлеуіміз керек шығар.

– Мен «кеңессіздендіру» термині кеңестік кезеңнен толық бас тарту сияқты естілетінін түсінемін, бірақ бұл тұрғыда мен тарихнамалық негізді, кеңестік және қазақстандық тарихнамада ашаршылықтың бағасы, орны, мәні мен мөлшеріне қатысты қалыптасқан қорды кеңессіздендіруге көзқарас таныттым, – деп жауап берді Асанова. –  Кеңестік кезеңде барлық халықтар большевиктердің билікке келу процесінде үлкен шығындарға ұшырады. Сондықтан ол нақты қайта бағалауды және қайта қарауды қажет етеді, бірақ бұл оны толық және теріс түсіндіруді білдірмейді. Большевиктік жобалар, олардың утопиялылығына және іске асырудың қандай да бір схемалық түріне қарамастан, әрине, біздің ортақ тарихымыздың маңызды кезеңі болып табылады. Алайда, егер қазақ халқының тарихын ғана алсақ, онда оның этникалық құрамдас бөлігі кеңестік кезеңде іс жүзінде толық жойылу алдында тұрғаны белгілі. Бізге басқа этнос – кеңестік, орыс тілді халыққа айналу үшін екі ғана қадам қалғаны шындық.  Мұны барлық басқа халықтар күнделікті деңгейде мойындады. Өзбек пен тәжіктің «Орыс боламын десең, әуелі қазақ бол» деген қанатты сөзі бар. Қазақстандағы кеңестік бағыттағы орыстандыру саясатының өте айқын үрдіс болғаны белгілі.

Мерей Сугирбаева




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.