Павлодарда ресейліктермен жанжалдасқан блогер қамауға алынды - Exclusive
Поддержать

Павлодарда ресейліктермен жанжалдасқан блогер қамауға алынды

Павлодарда тегін түскі ас кезінде ресейліктермен жанжалдасқан блогер Диас Кузаиров қамауға алынды.

«27 қыркүйек күні сағат 13.00 шамасында Павлодар қаласында Сәтбаев көшесі, Silver Palace мейрамханасының жанындағы қоғамдық орында болған Д. К.Кузаиров Г.Н Даримованың Ресей Федерациясынан келген қонақтарына қысым жасады. Оларға саяси сипаттағы арандатушылық сұрақтар қойып, іс-шараның бастамашысы Даримовамен жанжалдыдасты. Солол арқылы қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, ұсақ бұзақылық жасады», – делінген Павлодар әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысында.

Сот Д.К. Кузаировты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және бес тәулікке қамады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.