Премьера апталығы: Әуезов театрында «Кассандра таңбасы» сахналанды - Exclusive
Поддержать

Премьера апталығы: Әуезов театрында «Кассандра таңбасы» сахналанды

4 сәуір күні Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Кассандра таңбасы» романының желісімен қойылған футуристік трагедиясының премьерасы өтті.

Қойылымда ғалым Филофей шарананың қарсылық белгісін ғарыштан сәулелер жіберу арқылы анықтап, оған «Кассандра таңбасы» деген атау береді. Қойылымға өзек болған ой – отбасы құндылығы мен адамзаттың рухсыздану мәселесі.

Айтматовтың суреткерлік қиялы көрерменге ой салады. Көріп отырып, бір сәт тоқтап ойлануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жасанды жолмен дүниеге бала әкелу, тексіздіктің түп атасы тақырыптары қозғалған.

«Кассандра таңбасының» сахналық нұсқасы өнер сүйер көрерменнің көңілін күпті қылмады. Негізгі идея – заманауи технологиялық жетістіктерді ізгілікке бағыттау. Керісінше пайдаланған жағдайда әлемді қасіреттің бұлты торлайды.

Футуристік трагедияның қоюшы-режиссері Аридаш Оспанбаева адамдар қазір жасанды әлемде өмір сүріп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ болашақ нәрестелер «мұндай әлемде өмір сүргісі келе ме?» деген сұраққа жауап іздегенін жасырмады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.