Президент пен мемлекеттік органдарға деген сенім рейтингісі  үшінші тоқсанда артып отыр - Exclusive
Поддержать

Президент пен мемлекеттік органдарға деген сенім рейтингісі  үшінші тоқсанда артып отыр

Qalam қоры мемлекеттік органдарға деген сенім рейтингісі туралы  әр тоқсан сайын жүргізілетін кезекті сауалнама өткізген болатын-ды. Зерттеу Президент Тоқаевтың қыркүйектегі  Жолдауынан кейін бірден қолға алынып, халықтың қабылдау деңгейінен сыр беретін әрекет ретінде қабылдана бастады.

Жыл басында жасаған, көңіл көншітпейтін деректерімізге қарамастан соңғы үш айда барлық құрылымдардың рейтингісі өсіп, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімі арта бастады. Әсіресе, ел Президентінің рейтингісі айтарлықтай артты. Тіпті, әкімдіктердің рейтингісі 8 тармаққа көтеріліп, 37 пайызды құрап отыр. Бәлкім, бұл соңғы уақыттарда орын алып отырған сыртқы саяси оқиғалар аясында халықтың алаңдаушылық деңгейінің артуына және Қазақстанда әзірше сақталып отырған салыстырмалы тұрақтылықты бағалау тұрғысына байланысты болса керек.

Халықтың парламент пен үкіметке деген көзқарасы өте ұқсас. Бұл жолы сауалнама парламентке қарағанда, үкіметке деген  толық сенімділікті көрсетті, бірақ арадағы айырмашылық шамалы. Жалпы сенім рейтингісі бойынша нәтижелер тең түсіп отыр.

1-сурет. Қазақстан Республикасында жалпы билік органдарына деген сенімнің бөліну жігі

Азаматтардың толық сеніміне рейтинг жасайтын болсақ, онда аталған рейтингтің құрылымы былайша көрінетін болады:
– Президент (32%),
– Ұлттық Банк (19%),
– Үкімет (18%),
– Парламент (17%),
– Әкімдіктер (16%)

Алдыңғы зерттеулермен салыстырғанда мемлекеттік органдардың рейтингісі келесі үлгіде құрылған болатын.

2-сурет. 2022 жылдың басынан бері  Қазақстан Республикасында жалпы мемлекеттік билік органдарына деген сенімнің динамикада бөліну жігі, %
Президентке деген сенім рейтингісі

Президентке деген сенім деңгейі нығайып келеді, Тоқаев, өткен жолғыдай, сенім рейтингісінде көш бастап тұр. 2022 жылдың маусым айымен салыстырғанда сенім деңгейі 48%- дан 59% — ға дейін өсті, бұл тіпті жыл басынан бергі рейтингтен де асып түсті (54%). Бұл ретте толық сенетіндердің саны 2 есеге жуық өсіп, 32%-құрады (маусым айындағы көрсеткіш-15%).

азақстандықтардың 9%-ы Президентке мүлде сенбейді. Бұл көрсеткіш алдыңғы зерттеу толқынымен салыстырғанда біршама төмендеді, маусым айында халықтың 14%-ы президентке қатысты жағымсыз көзқарас танытты. Ендігі жерде халық бұрынғыға қарағанда Президентке көбірек сене бастайтын болды.

Егер респонденттердің ұлттық сенім шкаласына қарасаңыз, өткен зерттеу деректері бойынша президентке қазақтардың 59%-ы, орыстардың 31%-ы, өзге ұлттардың 10%-ы сенім білдірген. Қазіргі таңда оған қазақтардың 65%-ы, орыстардың 24%-ы және өзге ұлттардың 11%-ы сенім артады.

Егер гендерлік бөлікті салыстырып, қарастыратын болсақ онда Тоқаевқа ерлер мен әйелдердің тең үлесі  (әрқайсысы 27%-дан)  сенім артады. Осылайша, оған ерлердің 36%-ы және әйелдердің 31%-ы сенім білдіреді. Ерлер мен әйелдердің толықтай сенімі тең   – әрқайсысына 32% дауыс тиесілі.

3-сурет. Гендерлік белгісіне қарай Президентке сенім білдіру

Өңірлерде Президенттің рейтингісі бұл жолы төмендегідей қалыптасты: Ақтөбе облысында (мүлдем сенбейтіндер – 28%  және  сенбейтіндер –14%), Атырау облысында (24% және 12%), Түркістан облысында (20% және 14%) және Шымкент қаласында (21% және 19%) халықтың мемлекет басшысына деген сенім деңгейі төмен.

Егер өткен зерттеулерде Түркістан облысын бейтарап көзқарасты ұстанған облыс қатарына жатқызған болсақ, бұл жолы халықтың бір бөлігі Тоқаевтың саясатына сенімсіздік білдірді (20%). Алайда, президентке толық сенетіндер де пайда болды -16%, өткен сауалнамада мұндай пікірді ұстанатын азаматтар болмаған еді. Бейтарап бағыттағы адамдардың пайызы 40%- дан 26%-ға дейін азайды, мұндай санаттағы адамдардың бір бөлігі өзге мәртебеге ауысқан-ды.

Өзге және жоғарыда аталған барлық облыстарда бейтарап азаматтардың үлес салмағы сақталып қалды, Тоқаевтың іс-әрекетіне сеніммен қарайтын респонденттердің саны біршама өсті, бірақ сенімсіздік танытатындардың пайызы әлі де жоғары деңгейде қалып отыр.

4-сурет. Өңірлердегі Президентке деген халық сенімі

Бұл соңғы зерттеу қорытындысы бойынша аталған аймақтарда Тоқаевқа толық сенім артқандардың іс жүзінде болмағанын көрсетеді.

Сонымен, Атырау облысында сенімсіздік танытқан тұрғындардың пайызы іс жүзінде өзгерген жоқ, өткен зерттеу толқынында 38% болса, қазір 36%-ға жетіп отыр. Атырау облысына қарағанда, Маңғыстау облысында наразы адамдардың саны 35%-дан 18%-ға дейін,  Жамбыл облысында 36%-дан 24%-ға дейін төмендеді. Сондай-ақ, Маңғыстау облысында 33% және Жамбыл облысында 16% толық сенім танытатын азаматтардың айтарлықтай тобы пайда болды. Бұл өткен зерттеу нәтижелері бойынша аталған аймақтарда Тоқаевқа толық сенетіндердің іс жүзінде болмағанын көрсетеді.

Қостанай облысында халықтың 57%-ы бейтарап көзқарасты ұстанған болса, қазір бейтараптылық үлесі 83%-ды. құрады, алайда, егер өткен жолы тұрғындардың 7%-ы Тоқаевқа сенімсіздік білдірсе, қазір теріс пиғылды азаматтар бейтарап позицияға көшті және облыс бойынша мүлдем және толық  сенбейтіндер жоқ. 11%- ы мемлекет басшысына толық сенім артса, 6%-ы  оған сенеді.

Президенттің Шығыс Қазақстан (65%), Ақмола (64%), Қызылорда (63%), Батыс Қазақстан (62%) облыстарындағы және жаңадан құрылған Ұлытау (57%) және Жетісу (54%) облыстарындағы рейтингісі жоғары.

Сондай-ақ, Семей қаласының бұрынғы нәтижелерімен салыстырғанда жаңадан құрылған Абай облысының тұрғындары арасында Президенттің рейтингісі  31%-дан 36%-ға дейін біршама өсіп отыр. БҚО, СҚО, Қостанай және Ақмола облыстарында президентке сенбейтін респонденттер жоқ.

Парламент пен үкіметке деген сенім рейтингісі

Сенім рейтингінде екінші орынды Парламент пен Үкімет өзара бөлісіп отыр, олар аталған құрылымдардың әрқайсысы үшін  азаматтардың 43% сеніміне ие болды. Бұл ретте қазақстандықтардың 17,4%-ы Парламентке, ал 17,5%-ы Үкіметке толық сенеді. Бұған дейін Парламент –  38% (толық сенімнің 11%-ы), үкімет – 37% (толық сенімнің 11%-ы) дауыс жинаған болатын.

Бірінші зерттеу толқынының нәтижелері бойынша Үкіметке деген сенім деңгейі 42% болса, 44% Парламенттің еншісінде.

Ақтөбе (25%) және Түркістан (19%) облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында (20%) және Алматы қаласында (21%) Парламентке сенім деңгейі барынша төмен. Бұл өңірлерде халық Үкіметке сенбейді. Алайда, аталған облыстарда Үкіметке деген сенім деңгейі біршама жоғары, өйткені мұндай құрылымдарға наразы адамдар саны аз болып отыр. Ақтөбе облысында респонденттердің 21%-ы, Түркістан облысында 19%-ы, Шымкент қаласында және Алматы қаласында сауалнамаға қатысқандардың 19%-ы Үкіметке мүлдем сенбейді.

Ақмола (47%) және Қызылорда облыстарында (48%) депутаттарға деген сенім деңгейі артып келеді. Бұл облыстар Үкіметке сенім білдіруде, сәйкесінше 35% және 40% дауыс жинап, көш басында тұрғаны белгілі.

Халықтың әкімдіктерге деген позициясы нығая түскенімен, әкімдіктер бұрынғыдай сенім рейтингісінің соңғы орнында қалып отыр. 

Сауалнамаға Қазақстан бойынша 17 облыстан, сондай-ақ өңірлік маңызы бар 3 қаладан: Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан 2500 адам қатысқан болатын. Сауалнама бетпе-бет сұхбату (face to face) әдісі арқылы жүргізілді.

Таңдамалы жиынтыққа сүйене отырып:
– 62% қала және 39% ауыл тұрғынынан;
– 18 бен 94 жас аралығындағы ерлердің 47%-нан және әйелдердің 53%-нан;
– қазақтардың 65%-нан, орыстардың 24%-нан, сондай-ақ өзге ұлт өкілдерінің 12%-нан сауалнама алынды.

Қызмет түрі бойынша респонденттердің 27%-ы жеке секторда жұмыс істейтіндер, 26%-ы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 18%-ы мемлекеттік қызметшілер, 13%-ы зейнеткер, 8%-ы студенттер, 8%-ын жоғарыда аталмаған басқа салаларда жұмыспен қамтылғандар құрайды. Үй шаруашылығындағы респонденттердің табыс деңгейі былайша бөлінді: 40%-ның отбасының бір мүшесіне шаққанда 50-ден 100 мың теңгеге дейін, 38%- ның 100-ден 150 мың теңгеге дейін, 15%-ның 150 мыңнан және одан да жоғары табыс көзі бар. Сауалнамаға қатысқан адамдардың 7%-ы кірістерін атаудан бас тартты.

Сауалнамаға қатысқандардың білім деңгейі: басым бөлігі жоғары (49%) және толық емес жоғары (9%) білімге ие, сауалнама жүргізілгендердің 27%-ы арнайы орта білім алған. Респонденттердің 2%-ның ғылыми дәрежесі, қалған 13%-ның орта білімі бар.

Жақын арада қазақстандықтардың қандай елдермен достық қатынасты ұстануға дайын екендігінен хабардар боласыздар.

Жақын арада әкімдердің рейтингтері, халық Тоқаевқа дауыс бере ме және болашаққа деген үміттерін кіммен байланыстыратыны жайлы  толығырақ ақпаратты оқитын боласыздар.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.