Президент сайлауы: Инга Иманбайдың кандидатурасы қабылданбады - Exclusive
Поддержать

Президент сайлауы: Инга Иманбайдың кандидатурасы қабылданбады

Инга Иманбай президенттікке үміткер ретінде кандидатурасын ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы тіркелмеген Демократиялық партия белсендісінің кандидатурасын тіркеуден бас тартты.

Себеп – Инга Иманбайдың заңда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі. Президент сайлауына кандидат болу үшін үміткердің жасы 40-қа толуы керек. Сондай-ақ, белсендінің мемлекеттік қызметте бес жыл жұмыс өтілі жоқ.

– Олар тек өздеріне ыңғайлы кандидаттарды алатынын көрсеткім келді. Биліктің сайлауы – қуыршақ театры. Мұндай спектакльдің сценарийінде адал, лайықты адамдарға орын жоқ. Олар менің жұбайым Жанболат Мамай сияқты қудаланып, қамауға алынады, – дейді Инга Иманбай.

Инга Иманбай – 8 маусымда қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айып тағылған тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамайдың әйелі.

Еске салайық, сайлау 20 қарашада өтеді. 23 қыркүйекте кандидаттарды ұсыну басталып, 11 қазан, сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Фото: Facebook




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.