Президент сайлауы: Тоқаевтың бірінші бәсекелесі – Жигули Дайрабаев - Exclusive
Поддержать

Президент сайлауы: Тоқаевтың бірінші бәсекелесі – Жигули Дайрабаев

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс ХХ съезі өткізіп, партия төрағасы Әли Бектаев президент сайлауына үміткер ретінде Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев ұсынылатынын мәлімдеді.

кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Кандидаттарды ұсыну 11 қазанға дейін жалғасады.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевқа лайықты бәсекелестер болады деп сендірген еді.

– Ұсыну процесі жалғасуда, кандидаттар шығады деп ойлаймын. Басқа партиялар мен ұйымдар бұл мәселелерді қарайды. Ұсыну мерзімі біткенше басқа кандидаттар шығады. Президентіміздің соңғы жылдары жүргізіп жатқан реформалары мен өзгерістер бағытын партиялар мен азаматтардың көпшілігі қолдайды деп ойлаймын. Қандай да бір бәсеке болады, – деді Әшімбаев.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.