Путиннің әскери қылмыс жасағаны айқын – Байден - Exclusive
Поддержать

Путиннің әскери қылмыс жасағаны айқын – Байден

АҚШ президенті Джо Байден Халықаралық қылмыстық соттың Владимир Путинді ұстауға санкция беру туралы шешімін құптады, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Менің ойымша, бұл құптарлық іс, – деді АҚШ президенті.

Джо Байденнің айтуынша, Путиннің әскери қылмыс жасағаны анық нәрсе.

Айта кетейік, кеше Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путинді және Мария Львованы тұтқындауға санкция берді.

Халықаралық қылмыстық сот судьяларының шешімімен Ресей президенті Украина аумағында әскери қылмыс жасады деген күдікке ілінді.

Коллаж: Телеграф




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.