Ресейде қалған қазақстандықтарға «жасыл дәліз» ашылады
Қазақстан мен Ресей азық-түлік көліктері мен ҚР азаматтарына шекарадан өту үшін «жасыл дәліз» ұйымдастырады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары — Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
– Кеше мен әріптесіммен, Ресей Федерациясының вице-премьерімен сөйлестім. Себебі шекараның сол жағында қазақстандық азаматтар да, азық-түлік машиналары да тұр. Бүгін шекара қызметтері бір-бірімен хабар алмасып, жасыл дәлізді қамтамасыз етуге тырысады. Біз сөйлесетін боламыз, – деді Жұманғарин.
Сонымен қатар Қазақстанға келген Ресей Федерациясы азаматтарының санын біздің халықтың санына қатысты алатын болсақ, бұл пайыз үлесі және азық-түлік қауіпсіздігіне ешқандай әсер етпейтінін айтты.
– Қандай да бір өңірлік сәйкессіздіктер болуы мүмкін, бірақ біз қазір бұл мәселелерді шешіп жатырмыз, – деді Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.
Қазақстан азаматтарына арналған «жасыл дәліз» бүгін немесе ертең ашылады.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет