Роман Скляр Шөкеевтің отставкасы туралы пікір білдірді - Exclusive
Поддержать

Роман Скляр Шөкеевтің отставкасы туралы пікір білдірді

Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Түркістан облысының басшысы Өмірзақ Шөкеевтің отставкаға кету туралы шешіміне қатысты пікір білдірді.

– Өмірзақ Естайұлы тәжірибелі басшы. Ол ұзақ уақыт бойы мемлекеттік қызметтің түрлі құрылымдарын басқарып келеді. Қабылдаған шешім өте дұрыс. Мемлекеттік қызмет туралы заңда қарамағындағы қызметкер кінәсін мойындаған кезде оның басшысы отставкаға кету туралы өтініш береді, оны жоғары тұрған басшы қабылдайды. Сондықтан Өмірзақ Шөкеевтің бұл әрекеті қисынға келеді – дейді Скляр.

Айта кетейік, Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажановтың кінәсі сотпен дәлелденсе, отставкаға кететінін мәлімдеген. 13 шілдеде Сот Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажановты пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.