Рыбакина Australian Open-2023 жарысының финалына шықты - Exclusive
Поддержать

Рыбакина Australian Open-2023 жарысының финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open-2023 жарысының финалына шықты. Рыбакина жартылай финалда Беларусь спортшысы Виктория Азаренконы жеңді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Ойын — 7:6, 6:3 есебімен аяқталды. Елена Рыбакинаның келесі қарсыласы Магда Линетт (Польша) — Арина Соболенко (Беларусь) арасындағы ойынның жеңімпазы болмақ.

Australian Open-2023 чемпионаты 16-29 қаңтар аралығында өтеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры 76,5 миллион австралиялық долларды құрайды.

Жеңімпаз 970,13 млн теңге алады. Вице-чемпион 529,9 млн теңгеге ие болады.

Фото: ашық дереккөз

https://t.me/kzexclusive




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.