«Шеврон» компаниясы Demo Day барысында 20 үздік веб-қосымшаны таныстырады - Exclusive
Поддержать

«Шеврон» компаниясы Demo Day барысында 20 үздік веб-қосымшаны таныстырады

Қазақстандағы ең ірі IT-инкубатор, nFactorial School «Шеврон» компаниясымен серіктесе отырып, Қазақстанның жас таланттары 10 апта ішінде 100-ден астам бірегей веб-қосымша жасап шығарған Demo Day – жазғы бағдарламалау лагерінің салтанатты аяқталуына шақырады.

nFactorial Incubator – жоғары деңгейлі жас әзірлеушілер нарығына арналған 10 апталық қарқынды дайындық бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – IT қызметтерін экспорттау және Қазақстанда жасалған бағдарламалық жасақтаманы сату арқылы Қазақстан экономикасына 1 миллиард АҚШ долларын әкелетін 10 000 кәсіби әзірлеушіні даярлау.

Demo Day барысында қазылар алқасына қазақстандық және халықаралық техникалық университеттер мен мектептердің дарынды жігіттері мен қыздары әзірлеген 20 үздік веб-қосымшаны ұсынады.

11 тамыз салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазылық етеді.

Одан бөлек қазылар алқасының құрамында: Farel (АҚШ) компаниясының бас директоры және негізін қалаушысы, Santufei.com компаниясының негізін қалаушысы – Асхат Омаров, Choco Holding басқарма төрағасы – Николай Мазенцев, инвестор, Biometric Technology (АҚШ) бас директоры және негізін қалаушысы – Әлібек Нарымбай,
Сәтбаев университетінің басқарма төрағасы, ректор –Мейрам Бегентаев, Linkedin компаниясының аға әзірлеушісі (АҚШ) – Мақсат Қадыров, Gourmet Kitchen компаниясының бас директоры және серіктесі – Мирас Ибраимов, Parqour.kz техникалық директоры – Аян Уәли, The Steppe интернет-басылымының бас директоры – Зәуре Розмат, Қазақстандағы Шеврон компаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі – Лейла Айтмұханова, «iTeachMe» қоғамдық қорының директоры – Захира Бегалиева, IT-кәсіпкер, Alem мектебінің негізін қалаушы – Дагар Давлетов, актер – Санжар Мәди, «Сергек» компаниясының бас директоры, Parqour.kz негізін қалаушы – Қайрат Ахметов, Horecahub компаниясының негізін қалаушысы, UXStone компаниясының бас директоры – Алмас Тұяқбаев бар.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.