Шымкентте LRT салынады – Әйтенов - Exclusive
Поддержать

Шымкентте LRT салынады – Әйтенов

Шымкентте 2035 жылға дейін LRT салу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін мегаполис әкімі хабарлады.

Мұрат Әйтеновтің айтуынша, жоба қаланың бас жоспарында бар. Дегенмен, нақты шешім сызбаларды жасағаннан кейін ғана қабылданады. Жобаны іске асыру инвесторлардың ұсыныстарына, мүмкіндіктерге және бюджетке байланысты болады.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мегаполисте баламалы көлік түрлерін, яғни LRT және BRT салу мәселесіне қатысты пікір білдірді.

– Биыл халықтың өсу динамикасын ескере отырып, өзгерістер енгізіліп жатыр. Біз қала тұрғындарына өз ұсыныстарын айту үшін бір ай мерзім бердік. LRT, BRT қосылғанын көрдіңіздер. Сарапшылардың пікірінше, халқы көп қалаға балама көлік түрі қажет. Қазір LRT және BRT сызбалары дайындалуда. Алдағы уақытта бұл мәселені Үкіметпен талқылаймыз. Дегенмен, біз инвесторларды тарту мүмкіндігін қарастыратын боламыз, – деді Әйтенов.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.